info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Кепілзатының аз болса «Даму» қорының кепілдігін пайдаланыңыз

Жаңалықтар
20.09.2023

Искакбаева Айнұр Қуанышбекқызы 2014 жылдың сәуір айынан бастап үй-жайды жалға алып, балаларды дамыту орталығын ашып жұмыс істеді. Кейіннен оны өз қаражатына сатып алса, екінші балабақша ғимаратын 2018 жылы несие алып, сатып алды.

Несие аларда банк талап еткен кепілзаты аздық еткенде ол «Даму-Оптима» кепілдік беру бағдарламасына сүйенді. «Даму» Қорының осы бағдарламасы бойынша «Банк Центр Кредит» АҚ инвестиция үшін несие берді. 60 айға берілген кепілдік несие сомасының 50% құрады.

Қазір кәсіпкердің екі балабақшасы сәтті жұмыс істеп тұр. 74 адам жұмыспен қамтылған. Онда 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Оқу, тәрбиелеу бағдарламасы жасына қарай топқа бөлініп, балалардың физикалық және психикалық дамуының үш жас кезеңін қамтиды:

- кіші мектепке дейінгі жас-2 жастан 4 жасқа дейін (бірінші және екінші кіші топтар);

- орташа жас - 4 жастан 4 жасқа дейін (орта топ);

- аға мектепке дейінгі жас - 4 жастан 6 жасқа дейін (аға және мектепке дайындық топтары).

Қазір Айнұр Зайсан қаласынан 100 бала сыятын тағы бір балабақша ашуды жоспарлап отыр.

+7 701 324 03 48

ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Б.Сәтпаев көшесі, 4.