info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Мемлекеттік қолдаудың арқасында Махамбет ауылында мейрамхана бизнесі дамып келеді

Жаңалықтар
29.09.2023

Махамбет ауданы, Махамабет ауылында тұратын кәсіпкер Айман Урақова 2010 жылдан бастап саудамен айналыса бастаған. Қазір «Уракова A» ЖҚ Атырау қаласындағы екі азық-түлік және тұрмыстық тауарлар дүкені бар. Тауарларды ірі дистрибьюторлар мен көтерме саудагерлерден сатып алады.

Кәсіпкерлікте жеткілікті тәжірибесі бар Айман жаңа бағытты қолға алып, мейрамхана ашпақ болды. Осы оймен жылжымайтын мүлік сатып алу үшін ол «Қазақстан Халық Банкінен» АҚ 21,75%-бен несие алды. Мемлекет «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында 14,75%-ын субсидиялайды. Кәсіпкер қарызын 7%-бен төлейді.

Қазір 286 орындық «Атамұра» мейрамханасы Махамбет ауылының тұрғындарына банкет, той, ерекше іс-шаралар үшін айқара ашық. Болашақта жаңа жұмысшылар алып, қызмет сапасын көтеруді көздеп отыр.

Атырау облысы, Махамбет ауданы, ауылы Махамбет көш. Мырзағалиева 49.

+ 775 544 17 72