info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Әр үйге жаңа ыстық нан жеткізетін наубайхана

Жаңалықтар
28.09.2023

Қазір қоғамдық тамақтану индустриясы дамып, заманауи технологиялармен жабдықталған кәсіпорындар құрылуда. Онда еңбек пен өндіріс ғылыми түрде ұйымдастырылады, қызмет көрсетудің жаңа тәсілдері қолданылады.

Ақтөбедегі «Наным» ЖШС 2014 жылы құрылды. Компания сегіз жылдан астам уақыттан бері нан және нан өнімдерін өндіреді. Кәсіпорынның 1-сұрыпты нан және кеспе тоқаш түріндегі алғашқы өнімі 2014 жылдың қыркүйек айында шыққан еді. Бірінші партиядағы дайын өнім 100 кг көлемінде болды. 2014 жылдың соңына қарай өндіріс және сату көлемі 2300 кг-ға дейін өсті.

Тауар өз сауда өкілдері арқылы сатылады. Компанияның негізгі тұтынушыларының арасында жергілікті ірі маркет желісі де бар. Сондай-ақ, «Наным» ЖШС қала ауруханаларына, мектептеріне және басқа да мекемелерге нан-тоқаш өнімдерін жеткізеді.

Бизнесті кеңейту мақсатында компания «Даму» Қорының Ақтөбедегі филиалына жүгінді. Айналым қаражатын толықтыру үшін «Нұрбанктен» 21,75%-бен алған несиені Қор «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидиялайды. Нәтижесінде кәсіпкер қарызын тек 5%-бен төлейді.

Қазір командада 85 адам жұмыс істейді. Көпшілігі компания құрылғаннан бері жұмыс істеп келе жатқандар.

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, 312 Атқыштар дивизиясы даңғылы, 21д

Телефон: +7 (701) 511 05 09