info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» Қоры СҚО филиалының мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындарда өткізген ПРЕСС-ТУРЫ

Жаңалықтар
29.09.2023

«Даму» Қорының СҚО облысы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырған пресс тур аясында «Солтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтіп, онда өңірлік филиал директоры Даулетбаева Гүлбаршын Жамбылқызы журналистерге нәтижелерді баяндады. 

ТОО Жиһаз Петропавловск 5.jpg

Бизнесті қолдау және дамыту бағдарламалары іске қосылған кезден бастап облыста:

·        кәсіпкерлердің несие сомасы 286,01 млрд теңге болатын 3 338 жобасы субсидияланып,

·        кәсіпкерлердің 1 743 жобасы «Даму» Қорынан 27,306 млрд теңгеге кепілдік алған. Мұндағы жалпы несие сомасы 60,223 млрд теңгені құрайды.

    Конференция 1.jpg

Оның ішінде жыл басынан бері:

·        кәсіпкерлердің несие сомасы 29,34 млрд теңге болатын 245 жобасы субсидияланып,

·        кәсіпкерлердің 169 жобасы «Даму» Қорынан 4,808 млрд теңгеге кепілдік алған. Мұндағы жалпы несие сомасы 8,305 млрд теңгені құрайды.

 Конференция.jpg

Пресс тур аясында БАҚ өкілдері бизнесін дамытуға мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау алған кәсіпорындарға барды. Журналистер «ДАМУ» Қорының бағдарламаларына қатысқан кәсіпкерлердің нақты бизнес-кейстерімен танысып, олардың өз аузынан жеңіл несие алу, несиені субсидиялау арқылы қарыз жүгін жеңілдету, несиеге кепілдік алу секілді құралдарды қалай пайдаланғандарын естіді. Сондай-ақ Қазақстанда бизнесті қолдау мен дамытудағы өзекті мәселелер жайлы біліп, кәсіпорын басшыларынан сұхбат алды.

 

Анықтама: 

1.                «АЙНА-КӨЗ» КӨЗ ОРТАЛЫҒЫ ЖШС

Петропавлда «Даму» Қорының қолдауымен офтальмологиялық тексеру және көз микрохирургиясының барлық түрлерін көрсететін, көзді лазермен түзететін жалғыз кабинет жұмысын бастады. Кабинетке ең жаңа жабдық сатып аларда Қор қаржыландырды. Енді қала мен облыс тұрғындары әртүрлі күрделі операция үшін осында келе алады. Оның ішінде факичті линза Франция мен АҚШ-тың заманауи жабдықтарында салынады. Енді офтальмологиялық операциялар мен тексерулер жүргізу үшін басқа қала немесе шет елдерге барудың қажеті жоқ.

«Айна-Көз» көз орталығының тарихы 1999 жылдан басталады, ол кезде жалға алынған кабинетте қызмет көрсетілетін. Ширек ғасырға жуық уақыттан кейін медициналық кабинет балалар мен ересектерге барлық қызмет түрін ұсынатын заманауи офтальмологиялық клиникаға айналды. «Айна-Көз» көз орталығы медициналық қызметтің 100-ден астам түрін, соның ішінде офтальмологиялық стационарлық көмек және пациенттерге стационарды алмастыратын көмек ұсынады.

«Айна-Көз» көз орталығы көз ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін меңгерген, озық жабдықтар, жоғары білікті дәрігерлер бар. Ауруды ерте анықтауға және дер кезінде жоғары деңгейде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндігі мол.

2023 жылы орталық басшылығы көзді лазермен түзету кабинетін ашып, Франция мен АҚШ-тан заманауи жабдықтар сатып алу туралы шешім қабылдады. Бұл – күрделі хирургиялық операциялар жасауға мүмкіндік береді.

Жабдық сатып алу үшін компания «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында банктен 21,75%-бен несие алды. Оның ішінде кәсіпкер 8% төлейді, ал 13,75% айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды. Сондай-ақ, несиенің 48,57%-ына Қор кепілдік те берді.

Кәсіпорынның мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Шухов к-сі, 34.  

2.         «ЭКО СЕВЕР АГРО» ЖК

«Эко Север Агро» ЖК – арнайы техникаға жаңа өмір сыйлайды.

Компания «Кировец» K-700, K-701, K-702 тракторларының жөндеп, толық қалпына келтіріп, жаңартып, жаңғыртып, реставрациялаумен айналысады. Яғни, зауыт параметріне жеткізеді. Нәтижесінде толық жиналған, сенімді, жөндеуден өткен трактор пайда болады. Іс жүзінде жаңа техника деуге де болады.

«Мен техникаға бала кезден құмар болдым. 2017 жылы бұзылған тракторды жинап шығуға тырыстым. Нәтиже ойлағанымнан да асып түсті. Осыдан кейін ұзынқұлақ желдей есті. Ал тракторларын жөндеуге бүкіл Қазақстан аумағынан әкелетін болды», - дейді Андрей Викторович.

2022 жылы Андрей Викторович одан әрі жұмыс істеу үшін көлік құралын сатып алуға шешім қабылдады және «Банк ЦентрКредиттен» жылына 23%-бен несие алды. Оны кәсіпкер 6%-бен төлейді, ал айырмасын «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қоры субсидиялайды. Қор сонымен қатар, несие сомасының 85%-ына кепілдік берді. Яғни іс жүзінде «Эко Север Агро» ЖК үшін несие кепілсіз болды.

Кәсіпорынның мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Әуезов к-сі, 251а. 

3.         «ЖИҺАЗ ПЕТРОПАВЛОВСК» ЖШС

«Жиһаз Петропавл» ЖШС – ««Сова» матрастар фабрикасы» брендімен жетекші еуропалық компаниялардың заманауи технологиялары мен жабдықтарында жоғары сапалы матрас, жиһаз өндіретін табысты кәсіпорын. 15 жылдан астам уақыттан бері компания тек Солтүстік Қазақстан облысының ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның бар өңіріне сапалы тауар жеткізетін көшбасшы ретінде бедел жинады.

«Жиһаз Петропавл» ЖШС өндіріс циклы арнайы жабдықта серіппелі блокта бүгілетін сым жасаудан басталады. Әрі қарай жұмыс матрас ішіне салатын (латекс, кокос жаңғағы және т.б.) толтырғыштар, қақпақтар мен қаптамалар өндіріп, матрас құрастыруға дейін жалғасады.

«Сова» матрастар фабрикасы» әр түрлі конструкцияларды ұсына отырып, серіппесіз, «Боннель» серіппелі блогына негізделген, «Pocket Spring» тәуелсіз серіппелі блогына негізделген матрастар секілді ортопедиялық матрастар өндірісін де жолға қойған. Компания жылына 35-тен 40 000-ға дейін өнім шығарады.

Өндіріс қуатын арттыру үшін компания «Банк ЦентрКредиттен» айналым қаражатын толықтыруға 21%-бен несие алды. «Даму» Қорының оның 15,75%-ын субсидиялауының арқасында кәсіпкер үшін ақырғы мөлшерлеме 6% құрайды.

Кәсіпорынның мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Медведева к-сі, 41. 

4.         «ПЕТРОПАВЛ НАН-ТОҚАШ КОМБИНАТЫ» ЖШС

1933 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысын «Петропавл нан-тоқаш комбинаты» ЖШС нанмен қамтамасыз етіп келеді. 90 жылдық тарихы ішінде комбинат көптеген өзгерістерді бастан кешірді. Алайда нан сапасы өзгеріссіз жоғары деңгейде қалды.

«Петропавл нан-тоқаш комбинаты» ЖШС наубайлары 90 жыл бойы нан-тоқаш өнімдерін пісіріп, 24/7 режимімен жұмыс істеп келеді.

Қазір қарқынды дамып келе жатқан әлем инновацияларды талап етеді. Сондықтан «ПНТК» ЖШС компаниялар тобы нарыққа бірегей өнім –тартылмаған бидай дәнінен пісірілетін «Vitalnan» атты нан ойлап тауып, насихаттап келеді. «Vitalnan» брендімен 7 түрлі нан шығады. Рецептін «ПНТК» ЖШС компаниялар тобының технологтары әзірледі. Қазақстанда мұндай бидай нанының аналогы жоқ.

Жабдықты жаңарту мақсатында компания «Қазақстан Халық Банкінен» 21,75%-бен несие алды. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оны кәсіпкер 6%-бен кәсіпкер төлейді, 15,75%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды. Ал нан-тоқаш өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту үшін комбинат бұған дейін «Қарапайым заттар экономикасы», «Даму-Өндіріс» сияқты бизнесті қолдауды көздейтін мемлекеттік бағдарламаларға қатысқан. Осылайша «Даму» Қоры арқылы төмен пайызды несиелер алды.

Ай сайын «ПНТК» ЖШС 600 тоннаға жуық өнім өндіреді және сатады. Кәсіпорын Петропавл қаласының, облыстың, қазақстанның шекаралас өңірлерінің тұрғындарын өніммен қамтамасыз етеді. Компаниялар тобында 360-қа жуық адам жұмыс істейді.

Кәсіпорынның мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., С.Мұқанов к-сі, 50/1.