info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Ainur's CAKES тәттілер әлемі

Жаңалықтар
02.10.2023

Қызылордалық кәсіпкер Айнұр Баймаханова кәсіпкерлікпен 2016 жылдан бастап айналысып келеді. Ол жас кезінен тәтті тағамдар пісіруді ұнататын, кейіннен осы қабілетін дамыта бастады. Айнұр Баймаханова алғашқы еңбек жолын медбике болып бастаған. Бала күтімімен демалысқа шыққанда үйде торт пісіріп, Instagram арқылы алғашқы дайын өнімдерін сатып кәсіп бастады. Кейіннен Ресейлік білікті мамандардан білімін жетілдіріп, түрлі марафондар өткізді.

Артынша тұрғын үйі жанында орналасқан ғимаратты жөндеуден өткізіп, кондитерлік өнімдер шығаратын жеке цех ашты. Тұтынушылар саны көбейген соң барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған, кондитерлік өнімдер сататын екінші дүкенін ашты.

Кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы несие алып, «Ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында «Даму» Қорының субсидиясы мен кепілдігін алды. Несие жылжымайтын мүлік пен құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалды.

Қазір кәсіпорында 30 қызметкер жұмыс істейді, оның 28-і өндірісте еңбек етеді.

Айнұр Баймаханованың айтуынша, басты мақсаты: «әлі де дами түсу, тұрақты тұтынушылар қатарын көбейту, сондай-ақ қолжетімді бағада ерекше тәтті торттармен қуанту».

Өз ісіне деген сүйіспеншілігі мен өз ісінің мықты маманы болу деген арман кәсіпкерді одан әрі кәсіби деңгейін өсіруге ынталандыруда.

Қызылорда қ. Саулет м/а., Жаңалык Әбдірахманов к-сі, 21А

тел: +7 771 698 39 35

Инстаграм: @ainur_cakes_kzo