info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Жылы кездесулер орны

Жаңалықтар
04.10.2023

Қазір отбасылық мейрамханалар мен дәмханаларға бару әдеттегі жағдай, онда түскі ас, кешкі ас ішуге, туған күндерді тойлауға және отбасымен, достармен басқа да маңызды іс-шараларды өткізуге мұмкіншілік мол.

Кәсіпкерлікке ұмтылған Альвина Баймұханова Индер ауданы, Индербор ауылындағы нарықты зерттеп, жеке кәсібін ашуға бел буды.

Алдымен ол күйеуі екеуі дәмхананы жалға алып, бизнестің осы түрінде тәжірибе жинады. Кейін екінші деңгейлі банкке осы ғимаратты сатып алуға өтінім берді.

Отбасылық дәмхананы сатып алу жөніндегі «Aльвина» ЖҚ жобасын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қолдап, 21,75%-мен несие берді. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры оның 14,5%-ын субсидиялады. Қазір қәсіпкер 7% айырмасын төлейді. «Даму» Қоры несие сомасының 62 пайызына кепілдік те берді.

Қазір жұмыс істеп тұрған «Компот» отбасылық дәмханасында үлкендер де, балалар да келіп, түрлі тағамдардан дәм татып, салтанатты кештерін өткізе алады.

Сонымен қатар «Aльвина» ЖҚ компаниясы тұтынушыларға дәмді тамақ жеткізу қызметтерін ұсынады.

+7 7753827912

инстаграм: @family_cafe_kompot