info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Босаға – бақ, есік – құт

Жаңалықтар
05.10.2023

Қазір Маңғыстау облысында құрылыс қарқыны жоғары. Жаңа тұрғын үй кешендері салынып, пәтерлер сапалы, брондалған металл есік орнатылғанын қалайтын тұрғындар қоныстанып жатыр.

Осындай металл есік шығарумен айналысатын шетелдік компаниялар өте көп. Алайда, сапа жағынан олардан бір мысқал кем түспейтін және жеткізуде артық төлем қажет етпейтін отандық өндірушілер де бар.

Солардың бірі – «KAZ TEMIR HOLDING» ЖШС. 

2013 жылы Бағдад Тенелханұлы Нұрмағамбетов ашқан металл және ағаш бұйымдарын өндіретін зауыт «Bereke bank»-тен 100 000 000 теңге несиені 60 ай мерзімге 21%-бен алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында оны кәсіпкер 5%-бен төлейді. Ал қалған 16%-ын мемлекет субсидиялайды. 

Қаражат Ermaksan power bend pro 3100 пресс-ию машинасын, форматты кесу машинасын, жиек қаптау машинасын, фрезер станок, бұрғылау машинасын, лазерлік жабдық, ұнтақ бояу бүрку камерасын, бұрандалы компрессор, Aurora дәнекерлеу жартылай автоматын сатып алуға жұмсалды. Шикізат – отандық өнімдер. Болашақта электр және өртке қарсы қалқандар шығару бар. 

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қ., 1-өнеркәсіптік аймақ, 50Б

Instagram: @bosaga_doors

тел.: +7 701 778 83 92