info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

VanEllie: әр тағамы өнер туындысындай

Жаңалықтар
09.10.2023

VanEllie – гурмандар үшін десерттердің сапасы мен табиғилығын ғана емес, өнімнің барлық компоненттері – хош иісін, құрылымын, дәмін ерекше сезімталдықпен қабылдайтындар үшін жасалған.

Сондықтан VanEllie бренді десерттердің талғампаз еуропалық презентациясына, әлемдегі ең жақсы аспазшылардың таңдаулы рецепттеріне, жеке авторлық әзірлемелерге және тек ең жақсы өнімдерге негізделген. Бұл шынайы ләззат берудің жалғыз жолы.

VanEllie-ге кірген кезде, гурмандарды хош иісімен және сырт көрінісен тағамдардың ассортименті қарсы алады. Әр тағам – біздің қолөнерге деген адалдығымызды көрсететін сүйіспеншілікпен және әр ұсақ-түйегіне дейін мұқият жасалған өнер туындысы.

Кондитерлік өнімдердің ингредиенттері сапа стандарттарына сәйкес келетін сенімді жеткізушілерден сатып алынады.

«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында кондитерлік фабрика 2023 жылы «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы кондитерлік наубайхана қызметін кеңейту үшін жылына 21,75%-ға қаражат алды, оның 14,75%-ын «Даму» қоры субсидиялайды, сондай-ақ, Қор кепілзаттың жетіспейтін бөлігіне кепілдік ұсынды.

Кондитерлік фабрика азық-түлік өнімдеріне арналған орауыш материалдарын пайдаланады және барлық қаптамалар экологиялық таза және қайта өңдеуге жарамды. Өнімдер жаңа піскен күйде оңтайлы жағдайда сақталады.

Қонаев даңғ., 91; Шығыс м/ауд., 89;

Тәуке хан даңғ., 4;

Тәуке хан даңғ., 13,

«Mega Planet» СО​.

+7 (700) 935 00 00