info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Атырау облысы Махамбет ауданында мемлекеттік қолдаудың арқасында көлік қызметі дамып келеді

Жаңалықтар
12.10.2023

Махамбет ауданының тұрғыны Жантілеу Байдулов 2009 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, «Дукс» серіктестігін ашқан. Қазір сұранысқа ие арнайы техниканы жалға алу және көлік қызметін көрсетіп келеді.

Тиеу-түсіру жұмыстарына арналған арнайы техникаға сұраныстың жоғары болуына байланысты, компания екінші деңгейлі банкке өтінім туралы шешім қабылдады.

Бизнесті кеңейтуге арналған «Дукс» ЖҚ жобасын «Банк Центр Кредит» АҚ мақұлдап 21,75%-бен несие берді. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында мемлекет 14,75%-ын «Даму Қоры арқылы субсидиялап, кәсіпкерге төлемге 7% айырмасы ғана қалды. «Даму» Қоры несие сомасының 50 пайызына кепілдік те берді.

«Қазір компания әлеуметті тұтынушылармен сатып алынған жабдықты пайдалану бойынша келіссөздер жүргізіп, көлік қызметін көрсетуге келісім-шарттар жасасуда», - дейді кәсіпкер Жантілеу Байдулов.

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы. М. Мералыұлы көшесі 1

+ 7024077750