info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Қызмет көрсетудің жоғары деңгейі

Жаңалықтар
12.10.2023

«QAZAQ-PAK» ЖШС – серпінді дамып келе жатқан қазақстандық сауда-өндірістік компания. Негізінен бизнеске шығын материалдарын дайындап, жеткізіп береді. 2019 жылдан бастап тамақтандыру және фастфуд секторына қажет материалдар шығарады. Атап айтқанда санитарлық-гигиеналық өнімдер (жеке қаптамадағы дымқыл және алкогольді майлықтар), сусымалы өнімдерді орау және қаптауыштар, бір рет қолданылатын қағаз ыдыс-аяқ секілді 100-ден астам атаудан тұратын өнім өндіреді. Жаңа технологияларға бет бұра отырып, өнім ассортиментін үнемі кеңейтіп отырады.

Компания азық-түлік қауіпсіздігінің белгіленген талаптарын, өндірістік процестерге қатысты талаптарды, сондай-ақ дайын өнімді таңбалау, орау және тасымалдау талаптарын, соның ішінде FSSC v.5.1. халықаралық сертификаттау схемасының талаптарын қатаң сақтайды.

Қазақстанның бүкіл аумағына ғана емес, шет елдерге де өнім экспорттап отыр. Өнімдері көбінесе клиенттердің сауда маркалары таңбаланып шығарылады. Оның ішінде қоғамдық тамақтандырудың көтерме және бөлшек сауда желілері, қонақ үй-мейрамхана кешені, халықаралық авиакомпаниялар, кинотеатрлар, сондай-ақ бизнестің басқа да бағыттары бар. Жеке қаптамадағы барлық дайын өнім барлық нормалар мен стандарттарды сақтай отырып, Еуропалық жабдықта оралады, сондай-ақ Қазақстандық және халықаралық өнім сапасы сертификаттары бар. Өндіріс заманауи жабдықталған, қуаты кез келген көлемді қысқа мерзімде қамтамасыз етуге қабілетті.

Шаруашылық-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіруге және орауға арналған жабдықтарды сатып алу мақсатында компания «Даму» қорынан қолдау сұраған кезде «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкінен» алған несие жүгі жеңілдетілді.

Қазір компания жергілікті үздік жеткізушілермен жұмыс істей отырып, экологиялық таза өнім дайындау үшін жоғары сапалы шикізат пайдаланады.

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай ауылы, Әзірбаев көшесі, 2

Тел.: +7 (727) 389-00-12

Сайт: qazaqpak.kz