info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Қызылордада картоптан фри жасайтын өндіріс іске қосылды

Жаңалықтар
13.10.2023

«Абай Дәулет» ЖШС 2016 жылдан бері өсімдік, бау-бақша егу, мал шаруашылығы және құрылыс материалдарын өндірумен айналысатын көпсалалы кәсіпорын. Қазақстан нарығында табысты дамып келеді.

2022 жылдың желтоқсан айында «Абай Дәулет» компаниясы «ForteBank»-тен картоп өңдеуге арналған жабдықты сатып алу мақсатында несие алды. «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында несиені ішінара субсидиялап, жүгін жеңілдетті.

Кәсіпорын соңғы үлгідегі жоғары технологиялармен жабдықталған, картопты автоматты режимде өңдеудің толық циклін жүзеге асыратын және өнімдерді сатуға дайын болатындай ететін, мұздатылған «Kaz Fries» фри картоптарын шығаратын зауытын іске қосты. Мұнда 18 адам жұмыспен қамтамасыз етіліп, сағатына 300 килограмм өнім шығарылуда. Жаңа зауыттың жартылай фабрикаты халыққа қолжетімді бағамен сатылып, өңірден тыс жерлерге де экспортқа шығарылып жатыр.

Қызылорда қ-сы, Бейбітшілік к-сі, 80

www.abaydaulet.kz

@abaydaulet