info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» Қоры Шығыс Қазақстан филиалының мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындарда өткізген ПРЕСС-ТУРЫ

Жаңалықтар
17.10.2023

Бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсету – өңірдің ғана емес, тұтас елдің кәсіпкерлік секторын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұған «Даму» Қорының Шығыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырған пресс турға қатысқан БАҚ өкілдері көз жеткізді. 

Пресс тур аясында «Шығыс Қазақстан облысындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтіп, онда өңірлік филиал директоры Медет Ерболұлы журналистерге нәтижелерді баяндады.

Бизнесті қолдау және дамыту бағдарламалары іске қосылған кезден бастап облыста:

·        кәсіпкерлердің несие сомасы 256,8 млрд теңге болатын 3756 жобасы субсидияланып,

·        кәсіпкерлердің 3012 жобасы «Даму» Қорынан 36,6 млрд теңгелік кепілдік алған. Мұндағы жалпы несие сомасы 77,1 млрд теңгені құрайды.

 

Оның ішінде жыл басынан бері:

·        кәсіпкерлердің несие сомасы 12,7 млрд теңге болатын 269 жобасы субсидияланып,

·        кәсіпкерлердің 223 жобасы «Даму» Қорынан 8,6 млрд теңгелік кепілдік алған. Мұндағы жалпы несие сомасы 4,5 млрд теңгені құрайды.

 

Пресс тур аясында БАҚ өкілдері бизнесін дамытуға мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау алған кәсіпорындарға барды. Журналистер «Даму» Қорының бағдарламаларына қатысқан кәсіпкерлердің нақты бизнес-кейстерімен танысып, олардың өз аузынан жеңіл несие алу, несиені субсидиялау арқылы қарыз жүгін жеңілдету, несиеге кепілдік алу секілді құралдарды қалай пайдаланғандарын естіді. Сондай-ақ Қазақстанда бизнесті қолдау мен дамытудағы өзекті мәселелер жайлы біліп, кәсіпорын басшыларынан сұхбат алды.

 

Анықтама ақпараты:

 

1. AQBOTA-UKA ЖШС.

2020 жылы жас жұмайлар Дәурен мен Мәриямның басына үлпілдек печенье өндіру жайлы идея келді. Өйткені Шығыс Қазақстанда автоматтандырылған отандық өндіріс болмаған, ал осы өнімге сұраныс жоғары еді. Сонымен қатар, мұндай печенье шетелден әкелінетін. Пандемия кезінде (шекара жабылуына байланысты) отандық азық-түлік өнімдеріне сұраныс күрт өсті.

2021 жылы ерлі-зайыптылар «ForteBank» АҚ арқылы, «Даму» Қорының қолдауымен 41 млн теңге несие алды.

Бұл қаражатқа:

1. Печенье пісіретін 3 пеш;

2. Үш бункерлі шөгу машинасы (ондай машина өңірде әлі жоқ). Ол ішіне салма толтырылған екі түсті печенье шығара алады;

3. Өнімге крем жағу, ұнтақ себу машинасы;

4. Әсемдеп, жылтырату желісі секілді кәсіби жабдықтар сатып алынды

Қазір печенье фабрикасында 20-дан астам адам жұмыс істейді, печеньенің 31-ден астам түрі, ассортидің 7 түрі, десерттердің 16 түрі, кекстердің 6 түрі, пряник және сүтті торттар шығады. Фабриканың өнімдері облыста ғана емес, Астана қаласында да «Өрнек cookies» әдемі брендімен сатылады (бұл өрнегі мен ою-өрнегі бар печенье дегенді білдіреді).

Сонымен қатар, печеньенің басқа түрлерін өндіруді бастау жоспарлануда, өйткені Шығыс Қазақстанда мұндай жергілікті өндіріс жоқ.

Осылайша, печенье фабрикасы еліміздегі импорт алмастыру бағдарламасына өз үлесін қосуда және бұл өз кезегінде жаңа отандық азық-түліктің пайда болуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Жоба жетекшісі: Можевикина Мария Викторовна.

 

2. Шығысуниверсал ЖШС

«Шығысуниверсал» ЖШС 2004 жылдың маусым айынан бастап балық пен шаян тәрізділерді өсіріп, өңдеумен айналысады. Бүгінгі таңда басты өнім тірі салмақтағы форель.

Компания инвестиция үшін несие қажет болғанда «First Heartland Jýsan Bank»-тен 14%-бен 60 айға несие алды. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында мемлекет субсидиялайтын бөлігі 8%-ды құрайды. Кәсіпкер қарызын қалған 6% сыйақы мөлшерлемесімен өтейді.

Кәсіпорынның шаян мен жаңа мұздатылған балық өңдейтін цехы бар. Жақын жерде Ертіс өзені ағып жатыр. Бірақ ағысының қаттылығынан бұл су айдынында балық өсіру мүмкін емес. Цех ғимараты 2 қабаттан тұрады, бірінші қабатта орналасқан 2 бөлмедегі 16 бассейн-аквариумнің іші тола форель шабақтары. Жалпы саны 400 000 дана. Оның жанында 4 шкаф инкубатор бар. Онда ұрықтар жетіліп жатыр. Сонымен қатар кеңсе үй-жайлары, киім ауыстыратын бөлмелер, сондай-ақ бос алаң да бар.

Цехпен қатар компанияның Өскемен су қоймасы маңындағы (Масьянов шығанағы) қаладан 35 шақырым жердегі Новотроицк кентінде балық фермасы да бар. Онда 29 бақша, жемшөп пен мүкәммал қоймасы орналасқан. Мұндағы су қоймасын: сібір миногасы, хариус, шортан, көкшұбар балық, будан ақсаха, пайдабалық, торта, тарақ балық, аққайран, оңғақ, табан, мөңке, алтын, күміс мөңке, сазан, гольян, көксерке, алабұға секілді балықтар мекендейді. Ферма аумағы кіру мен тұраққа көлік қою – тегін. Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 8.00-19.00 арасы. Ауланған форель ақысы келісімен есептеліп төленеді. Сондай-ақ, қосымша кәуап, серуендеу, күркелер жалға беру, қайықтар, катамарандар және серуен катерін жалдау қызметі де бар.

Жоба жетекшісі: Ольман Дмитрий Юрьевич.

 

3. Радмир және Рамир ЖШС

«Радмир және Рамир» ЖШС – студенттерге арнап Өскеменде заманауи жатақхана салды. Компания жетекшісі Сейтқазина Назым Шайқуалиханқызы 2006 жылдан бері кәсіпкер. Бастапқыда фото қызметтер көрсету және пәтерлерді жалға беру бағытында жұмыс істеді. Біраз уақыттан кейін жұбайы екеуі ақылдаса келе, қалада студенттер жатақханасын ашуға шешім қабылдады. «Радмир и Рамир» ЖШС салған жатақхана жоғары оқу орны қалашығында орналасқан және студенттер үшін өте ыңғайлы жерде тұр. Қаланың барлық оқу орындарына жаяу баруға болады.

«Біз студенттеріміздің тұрмысын жақсартқымыз келді. Жатақханада жайлы тұру үшін барлық жағдай жасалған», - дейді Назым Шайқуалиханқызы.

Кәсіпкер жатақхана құрылысына «Bereke Bank» арқылы 2021 жылдың сәуір айында несие алды. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры субсидия есебінен қарыздың пайыздық мөлшерлемесін 6%-ға дейін азайтты. Сондай-ақ, Қор кәсіпкерге кепілдік те берді.

4 қабатты жатақханаға 117 студент сыяды. Асхана, дүкен, сұлулық салоны, спорт залы және конференц-залы да сол ғимарат ішінде орналасқан.

Жоба жетекшісі: Сейтқазина Назым Шайқуалиханқызы.