info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

20 жылдан астам уақыт бойы құрылыс нарығын бағындырып келе жатқан компания

Жаңалықтар
16.10.2023

«Самға» ЖШС – 1999 жылдың соңында «Парасат-Декор» жеке құрылыс дүкенінде құрылыс материалдарын сату үшін ашылған Ұлытау облысындағы ірі компаниялардың бірі. Бизнес Сәтбаев қаласында орналасқан. Компанияның директоры – Байділдә Абай Болатұлы. 

Абай Болатұлының айтуынша, ол өз бизнесі жайлы ойланған кезде Қазақстанда шағын бизнес секторы жанданып жатқан. Көпқабатты үйлердің, мекемелердің, әкімшілік ғимараттардың құрылысы жаппай басталды.

 Осыған байланысты, ҚР экономикасының сапалы дамуы кезеңінде компания жөндеу-құрылыс жұмыстары, бетон, бетоннан жасалған бұйымдар өндірісі, асфальт зауыты сияқты бизнес бағыттарын таңдады. «Самға» ЖШС негізгі тапсырыс берушілері мемлекеттік мекемелер. 

2021 жылы компания директоры «SHACMAN» маркалы, «SX33186T366» модель самосвалдың 6 данасын сатып алу туралы шешім қабылдады. Осы мақсатта «ForteLeasing» АҚ лизингтік компаниясына өтінім берді. Лизинг бағдарламасы аясында несие 6%-ға дейін түсіріліп, субсидияланды. 

2022 жылы асфальт қоспасын өндіру зауытын іске қосу үшін компания «Қазақстан Халық Банкіне» жүгінді. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында компания несиені 6%-бен төлейді. 

Компания құрылғанынан бері үй салу, ғимарат, саябақтарды қайта жасауға және күрделі жөндеуге және тағы басқаларға көптеген келісімшарттар жасады. Қазіргі уақытта үй салуға бірқатар келісімшарттарға қол жеткізді.

Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 148