info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Мұнай өнімдерінің цистерналарына техникалық қызмет көрсету шебері

Жаңалықтар
18.10.2023

«Диагностик Стандарт Экспертиза» ЖШС 2012 жылдың қаңтарынан бері сұйықтықтар мен газдардың шығыны мен мөлшерін өлшеу құралдарын тексеріп, мұнай өнімдері бар цистерналарды тазалаумен айналысып келеді. Компанияның өлшем құралдарын салыстырып тексеру зертханасы аккредитацияланған.

Кәсіпорын көлемдік және геометриялық тексеру (градуирлеу) әдісін қолдана отырып, көлденең және тік цистерналарды, автоцистерналарды салыстырып тексереді. Калибрлеуді жүргізу үшін компанияда ГАЗ 33081 «БАГЕМ» шассилі жылжымалы калибрлеу кешені бар. «МИГ» кешенінде деңгейді өлшеу құрылғысы ретінде қателік диапазоны 0,1...0,2% болатын, жоғары дәлдіктегі «Струна» өлшеу жүйесі қолданылады. Компания сонымен қатар мұнай қалдықтарын кәдеге жарату сертификаттарын беру және көлденең және тік резервуарларды тазарту, паспорт беру мүмкіндігімен барлық стандарттарға және қауіпсіздік ережелеріне сәйкес құжат береді. Тазалау жұмыстарын жүргізу үшін компанияда уәкілетті органдардың барлық рұқсаттары мен рұқсат қағаздары бар. Тазарту жұмыстарын жүргізу кезінде стандарт пен ГОСТ талаптарына сәйкес жабдықтар мен қорғаныс құралдары қолданылады.

Қызметін кеңейту үшін компания «Қазақстан Халық Банкінен» «Халық Лизинг» арқылы несие алды. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» қоры 16 пайыздық мөлшерлеменің 10 пайызын субидиялады. Несие қаражатына 2022 жылы шыққан Урал маркалы шанағы 4320-6951-72 жылжымалы бу генераторы қондырғысын сатып алды. Бұл техника мұнай резервуарларын тазалау үшін қолданылады.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында компания арнайы техника санын арттырды, жаңа жұмыс орнын ашты, көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтты.

Мекен жайы: Алматы қаласы, Қазыбаев к-сі, 286 «Б», 205 кеңсе

Сайт: too_diagnostik@mail.ru

Байланыс телефондары : +7-727- 384-18-31