info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Хромтау моноқаласында бөтелкедегі су өндірісі іске қосылды

Жаңалықтар
17.10.2023

Ауыз су нарығы Қазақстандағы ең жылдам дамып келе жатқан саланың бірі. Сарапшылар ағын су сапасының төмендеуі бөтелкедегі ауыз суды тұтынудың өсуінің негізгі факторларының бірі екенін айтады.

Ақтөбе облысындағы Хромтау моноқаласында тәулігіне 3 тонна өнім шығаратын бөтелкедегі су өндіру цехы ашылды.

Бизнесті кеңейту мақсатында «ASTMED» ЖШС «Даму» Қорының Ақтөбе филиалынан қолдау сұрады. Жоба Хромтау моноқаласының «Өркен» атты өңірлік бағдарламасы асында қолдау тапты. Несие бойынша мөлшерлеме 7% құрады, оның ішінде кәсіпкер 3% төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды. «Банк ЦентрКредит» арқылы алынған қаражат өндіріске құрал-жабдықты сатып алуға жұмсалды.

Қаржыландырудың жалпы көлемі 30 млн теңгені құрады. Цех бизнес — инкубатор ғимаратында орналасқан. Бұл — идеяны әзірлеуден бастап оны коммерцияландыруға дейін дамудың барлық кезеңінде іс бастаушы кәсіпкерлердің жобаларын қолдаумен айналысатын ұйым.

+7 777 961 61 16

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, Валерий Величко көшесі, 17-үй