info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«JOLAMAN» көтерме тарату орталығы

Жаңалықтар
20.10.2023

«JOLAMAN» көтерме-тарату орталығын құрудың негізгі мақсаты – әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдері мен жеміс-көкөніс өнімдерін халық үшін төмен бағамен сақтау және сату. Фермерлермен тікелей жұмыс істей отырып, орталық басшылығы нарықтағы, әсіресе бірінші кезекте қажетті тауарлардың бағасын тұрақтандыруға ниетті. Сондықтан да орталықтың басты серіктестері – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер.

«JOLAMAN» көтерме сауда орталығы екі қабатты ғимаратта орналасқан. Оның құрамына бір мезгілде 5,5 тоннадан астам көкөніс пен картоп сақтай алатын, ауданы 8580 шаршы метр көтерме сауда қоймасы кіреді. Орталық әрқайсысы 40 тонна ет сақтауға арналған мұздатқыш және тоңазытқыш камераларымен, 300 бас ірі қара мен жылқы бордақылау алаңымен, барлық санитарлық талаптарға сай заманауи сауда павильондармен жабдықталған. Сондай-ақ мұнда тәулігіне 50 бас ІҚМ бар жеке сою цехы жұмыс істейді. Оның жанында лицензияланған ветеринариялық зертхана бар.

Бұл орталықты салу және жабдықтарды сатып алу үшін компания «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры несиенің 9%-ын субсидиялайды, қалған 6%-ын кәсіпкер өзі төлейді.

Эл.пошта: jolaman.llp@gmail.com

Мекенжайы: Абай облысы, Семей қ., Семей-Алматы трассасы, 7/1