info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» қоры жиһаз өндірісі жобасына қолдау көрсетті

Жаңалықтар
20.10.2023

Мектеп жиһаздарын өндіруші «Шым Снаб 13» ЖШС Қазақстан Республикасындағы металл қаңқалы жиһаз шығаратын ірі компаниялардың бірі.

Кәсіпорын:

  • - Мектептер мен университеттерге арналған мектеп жиһаздары;

  • - Мектеп тақталары мен ілгіштер;

  • - Балабақшалар мен мектепке дейінгі мекемелерге арналған жиһаздар;

  • - Медициналық мекемелерге арналған жиһаз;

  • - Акт залдарына арналған театр креслолары;

  • - Кеңсе жиһазы сияқты дүниелер жасап, шығарады. 

Кәсіпорын оқу орындарына арналған жиһаз өндірісін сәтті игеріп, қазір тұтынушыларына осы өнімдердің алуан түрін ұсынуда. Каталог бойынша: химия және физика, информатика және техникалық емес оқыту, гимнастика және әртүрлі гуманитарлық вариациялар бойынша кабинеттер жабдықтауға болады. Мектептер мен балабақшаларға арналған жиһаз стандарттарға сәйкес және тек сертификатталған материалдардан дайындалады, оны тапсырыс берушілер өздері таңдай алады.

Қалыптасқан ішкі өндіріс, ыңғайлы баға, сауатты логистика және мол жұмыс тәжірибесі компанияға кез келген көлемде, кез келген күрделі тапсырыстарды орындауға мүмкіндік береді.

Фабрика 2023 жылы «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы 21,75%-бен несие алып, «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында оның 14,75%-ын «Даму» қоры арқылы субсидиялайды. Сондай-ақ, Қор кепілзат жетіспейтін бөлігіне кепілдік ұсынды.

«Шым Снаб 13» ЖШС жиһаздарын сатып алып, отандық жиһаз өндірушінің сапалы әрі қолжетімді бағадағы жиһазына ие болыңыз.

Мекенжайы: Шымкент қ., Орманшы тұрғын алабы, 181/1 ғим.

Телефон: +7(778) 075-13-13, +7(702) 696-99-72

Пошта: msnab13@mail.ru