info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Қазақстанда шағатын ұн

Жаңалықтар
23.10.2023

«Саламат» компаниясы ЖШС – 2001 жылдан бері дамып келе жатқан, ұн өнімдері көлемі мен сапасы бойынша елдегі жетекші компаниялардың бірі. «Salamat», «Керемет», «Хан», «Zor» брендтерімен танымал. Дайын өнім Ауғанстанға, Қытайға, Ресейге, Тәжікстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Түрікменстанға, Иракқа экспортталады.

Қырыққа жуық жеке жүк көліктері күн сайын Қостанай облысының барлық аудандарынан, сондай-ақ республикамыздың басқа да астық өңірлерінен тәулігіне 1800 тонна сапалы бидай жеткізеді. Кәсіпорын жыл сайын 300 000 тонна астық өңдейді. Бүгінде 10 000 м2 қойма және 15 000 м2 өндіріс ғимараты бар. Бункерлік салмақтағы дайын өнімге арналған сыйымдылығы 40 000 тонна және 4 000 тонна астық қоймалары бар. Өндірістік базаға ауданы 5 га жер учаскесі, теміржол тұйығы кіреді.

Ұн өндіру процесін жоғары санатты мамандар бақылайды. Қызметкерлердің денсаулығы мен санитарлық жағдайына қатты мән береді, үнемі кәсіби білімін жетілдіріп, қайта даярлаудан өтеді.

2018 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша компания тәулігіне 1 000 тонна бидай өңдейтін диірмен кешенін сатып алуға «Bereke Bank»-тен «2020-2023 жылдар аралығында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жеңіл несие алды.

Компанияның 2025 жылға дейінгі негізгі міндеті – ұн өндірісін жылына 1 000 000 тоннаға дейін ұлғайту. Бұл міндетті іске асыру өнім өткізу орындарын, өндірілетін өнім ассортиментін кеңейту жолымен жүзеге асырылады.

Қостанай, Дружба көшесі 36

Тел: +7 771 089 3003

https://www.salamatcompany.com/