info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Қоқысты жоғары мөлшерлемемен ақшаға айналдырамыз

Жаңалықтар
24.10.2023

Дүниежүзілік банктің мәліметінше, жыл сайын біздің планетамызда 2 миллиард тоннадан астам қатты коммуналдық қалдықтар өндіріледі. 2050 жылға қарай планетадағы қалдықтар 70%-ға артады.

Егер сіз қалдықтарды сұрыптауды бастамасаңыз және оларды бүгін қайта пайдаланбасаңыз, онда бірнеше ондаған жылдан кейін біздің планетамыз бір үлкен полигонға айналады.

Еуропа мемлекеттері мен АҚШ аумағында көптеген жылдар бойы қалдықтарды бөлек жинау (шыны, пластик, қағаз) қолданылады. Олар бөлек контейнерлерге жиналады. Қазақстан аумағында қоқысты сұрыптаудың мұндай жүйесі енді ғана танымал бола бастады. Сұрыптау қалдықтардың 90% дейін өңдеуге жіберуге мүмкіндік береді.

«Eco Waste Aqtau» ЖШС өз қызметін 2017 жылдан бастап жүзеге асырады, оның басшысы Бралина Салтанат Кәрібайқызы болып табылады. Негізгі қызметі - қауіпті емес қалдықтарды жинау. Маңғыстау облысындағы қалдықтарды жинаумен және өңдеумен айналысатын жалғыз кәсіпорын.

"Eco Waste Aqtau" ЖШС келесіні қабылдаумен айналысады:

- макулатура (картон);

- қағаз (кітап, дәптер, журнал және т. б.);

- газеттер;

- пластикалық ПЭТ бөтелкелері;

- түсті пленка (лас және көпіршікті ЖҚП, лас созылу, таспамен және жапсырмалармен пленка);

- су мен шырынды ораған тығыз полиэтилен пакеттер (тығыз ЖҚП);

- созылатын пленка (сұрыпталған, ластанбаған, таспасыз және үлкен жапсырмаларсыз);

- электронды қалдықтар;

- алюминий банкалар.

Сұрыпталған қоқыс одан әрі қайта өңдеуге жіберіледі.

Кәсіпкер қызметін кеңейту мақсатында «Forte bank» АҚ-ға кредиттік қолдау сұрап жүгінді.

Бизнес-жоба 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мақұлданып, 10 000 000 теңге сомасына және 36 ай мерзімге қажетті кредиттік қаражат алынды.

Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 23% - құрады, оның 6% - кәсіпкер төлейді, ал 17% - мемлекет субсидиялайды.

2017 жылы шығарылған ГАЗ маркалы көлік құралы және перфоратор түріндегі жабдық сатып алынды. Жабдық пен көлік құралдары өндірісте қолданылады.

Бүгінгі таңда кәсіпорында 7 қалдықтарды жинау пункті жұмыс жасап тұр.

Жоба тек экологиялық ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік компонентті де қамтиды.

Жыл сайын кәсіпорын оқушыларға макулатура жинау бойынша акциялар өткізеді. Қорытындысы бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар салтанатты түрде табыс етіледі.

Өңірдің ірі ұйымдарында («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Optimum» жобалау институты» ЖШС, «Кен-Сары» ЖШС, «УТТиОС» ЖШС, «ЭкоМангистау» және т.б.), Ақтау қаласының банктері мен мектептерінде кәсіпкер макулатура жинау үшін экобокстар орнатты.

Сонымен қатар, 2022 жылдан бастап кәсіпкер табиғи экологиялық таза тыңайтқыш – биогумус өндірумен айналысады. Бұл Калифорния құртының өнімі. Өсімдікті биогумуспен тамақтандыру кезінде тамыр жүйесі қоректік заттармен қоректенеді және қысты жақсы өткізіп шығуына көмектеседі.

Маңғыстау обл., Ақтау қ., 7 қабылдау бөлімі

Instagram: ecowasteaqtau

тел.: 8 (707) 951 03 17