info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«CompasTeleCom» ЖШС – сапалы ғаламтор ұсынады

Жаңалықтар
30.10.2023

Компанияның жайлы жұмысы мен табыстылығы көбінесе ғаламтор сапасы мен жылдамдығына байланысты. Ақтөбелік «CompasTeleCom» ЖШС бизнес үшін шексіз жылдам ғаламтор ұсынады.

Бұл компания телекоммуникация қызметтері нарығында 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде тұтынушыларына сымды, сымсыз байланыс технологияларын қолдана отырып сапалы интернет ұсынып келеді. Сондай-ақ, талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы деректер беруді қамтамасыз ете отырып, банк терминалдарына қызмет көрсетумен қосымша айналысады.

2017 жылдан бастап Ақтөбе қаласының жаңа дамып келе жатқан шағын аудандарында «Үйге оптика» технологиясы бойынша B2C секторында телекоммуникация қызметтерін көрсету үшін тарату желісі іске қосылды.

Қызмет аясын кеңейту қажет болғанда компания басшылығы «Даму» Қорының Ақтөбе қаласындағы филиалына жүгінді. «Береке Банк» арқылы алған несие инвестицияға жұмсалды. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қоры несиенің пайызын субсидиялап, кепілдік ұсынды.

Қазір «CompasTeleCom» ЖШС жоғары сапалы телекоммуникация қызметтерін кеңейтіп және тұтынушыларға қызметтің барлық кезеңінде қолдау көрсетеді. Команданың басты мақсаты – бәсекелестік пен тиімді сұраныс деңгейіне сәйкес келетін қызметтердің өнім портфелін құра отырып, тұтынушылардың көңілінен шығатын сапалы қызмет ұсыну.

Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Ә. Молдағұлова даңғылы, 54 Д,

e-mail: info@compastelecom.kz

Инстаграмм: @Сompas_telecom

Call Center: +7 776 074 17 15