info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» Қорының қолдауымен

Жаңалықтар
24.10.2023

Өмірзақова Айнұр Сайынқызы кәсіпкерлікке 2017 жылдың басында өз стоматология клиникасын ашу арқылы келді. Ал 2021 жылы ВТБ банктен несие алып, екінші клиникасын іске қосты. Бұл жоба «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау алып, 14%-дық несиенің 8%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды, қалған 6%-ын кәсіпкер төлейді. Мұнда 9 адам (терапевт, 2 ортопед, хирург, 2 стоматологтың көмекшісі, медбеке, санитар) жұмыспен қамтылды. Стоматологияда барлық қажетті заманауи жабдықтар бар.

Қазір кәсіпкер Орал қаласында үшінші стоматологиясын ашуды жоспарлап отыр. Ол үшін «Еуразиялық банктен» жаңа ғимарат мен жабдық сатып алу үшін 19%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында оның 13%-ын «Даму» Қоры субсидиялап, кепілдік берді. Стоматологиялық клиниканың кеңеюінің арқасында жаңа жұмыс орындары ашылды.

Бүгінгі күні «Dr.ZUB» стоматологиясының мамандары үнемі білім жетілдіріп отырады, ортопедиялық және ортодонтиялық емдеу, хирургия, эстетикалық стоматология бойынша ең заманауи технологияларға ие.

«DR.ZUB» – табысты тәуелсіз брендті бизнесті тәжірибесіз қалай құруға болатындығының жарқын мысалы. Бүгінде мұнда сапалы емдеу, дәрігерлердің кәсібилігі мен емдеудің озық заманауи диагностикалық жабдықтары үйлесім тапқан.

БҚО, Орал қаласы, Абай даңғылы, 108

Телефон: +7  708 433 03 26

Instagram: @doctor.zub