info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Павлодарда металл бұйымдар өндіру жобасы қолдау алды

Жаңалықтар
23.10.2023

«ZMK Trade» ЖШС 2014 жылы құрылған. Шатыр, қасбет материалдарын, сэндвич панельдер, металл плиткалары, профиль парақ және металлосайдинг, сондай-ақ оларға қосымша элементтер жеткізумен айналысады. Компания басшысы – Гречкосей Ксения. Қаржы бакалавры мамандығы бойынша жоғары білімі бар оған бұл бизнеспен айналысу идеясы осындай компанияда менеджер болып жұмыс істегенде келді. Салада жұмыс тәжірибесі мол болғандықтан, бәрін талдай келе, өзі кәсіп алуға шешім қабылдады.

«ZMK Trade» ЖШС базасында материалдарды өздері өндіреді және сатады. Облыс бойынша және бүкіл Қазақстанға жеткізіп береді.

Черепица мен металл сайдинг желісін іске қосу идеясы көптен бері мазалап жүрген.

Ол ойын жүзеге асыру үшін кәсіпкер «Банк ЦентрКредиттен 21,75%-бен несие алды. Оны кәсіпкер 8 пайызбен төлейді, айырмасы – мемлекеттік субсидиялар. «Даму» қоры кепілдік те берді.

Компанияның болашақтағы жоспары бәрін өзі шығару, профильді парақты әр түрлі маркаларда іске қосу, профиль жасау үшін машина орнату.

«Кез-келген бизнесте бәсекелестік бар. Бәсекелессіз өмір сүру мүмкін емес. Ең алдымен, сіз мақсат қоя білуіңіз керек. Білікті кадрлар да күрделі. Өйткені жұмыс істеуге дайын және қиын нәрсені түсінетін кадрларды табу өте қиын», - дейді Ксения Гречкосей.

Мекен-жайымыз: Қазақстан, Павлодар қаласы

Байланыс телефоны: +7 (705) 690 9988