info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Тараз қаласында «BDA trade» ЖШС жобасы қолдау тапты

Жаңалықтар
24.10.2023

«BDA trade» ЖШС 2020 жылы тіркелген. Компания минерал су мен бөтелкедегі лимонадтар, сондай-ақ сусындар өндіріп, көтерме және бөлшек саудада сатады.

Кәсіпкер Ілімдар Тұранов айналым қаражатын толықтыру арқылы бизнесін ұлғайтуға шешім қабылдады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Жамбыл филиалына хабарласып, несие алу бойынша барлық қажетті ақпаратты алған ол құжаттарды «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Жамбыл филиалына тапсырды. Банк несиені мақұлдап, жобаны «Даму» Қоры «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның» екінші бағыты аясында субсидия құралы аясында қолдады.

Несие алу кәсіпкерге өндірісті ұлғайтуға және нарықты сусындардың жаңа және сапалы түрлерімен толықтыруға мүмкіндік берді.

Мекен-жайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ниеткалиев көшесі, 93,

Телефон: +7701-232-94-76