info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Aqseleý – кірпіш өндіру цехы

Жаңалықтар
27.10.2023

Aqseleý компаниясының құрылу тарихы 2020 жылдан басталады. Ол кезде Ерболат Естаев кірпіш дайындайтын дайын базаны сатып алып, кірпіш өндіру туралы шешім қабылдады. Нарықты зерттеп, салынып жатқан жылжымайтын мүлікке сұраныстың артуына назар аудара отырып, зауыттың рентабельдігіне көзі жетті.

2022 жылы осы мақсатта «Банк Центр Кредиттен» несие алып, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялап, Қордың кепілдігін пайдаланды.

Зауытта таңдаулы және экологиялық таза шикізаттан кірпіш шығады. Артықшылығы деп төзімді, жарық пен сынық шықпайтын, ұзаққа шыдайтындығын атауға болады. Қазір кірпіш зауыты Қызылорда өңірі бойынша өз саласындағы көшбасшылардың бірі саналады. Мұнда 18 адам жұмыспен қамтылған, өнімге сұраныс күннен күнге артып келеді, жеке тұлғалар ғана емес, түрлі кәсіпорындар да тапсырыс беруде.

Қызылорда, Титов ы/а, Әміре Қашаубаев көшесі, 99.

+7-777-563-88-55