info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Еуропа стандарттарымен жасалған респиратор маскалары

Жаңалықтар
30.10.2023

«MFA INTERNATIONAL» ЖШС Астанада Еуропа стандартымен маска шығаратын компания. Олар әр түрлі мақсаттағы сүзгілермен жасалады. Яғни, түрлі санаттағы өндірісте тыныс алу органдарын қорғайды. Мұндай маскаларды медицина қызметкерлері, кеншілер, металлургтер, автокөлік жүргізушілері мен цемент өндірісіндегілер жиі қолданады. Маска – тыныс алу органдарын қорғаудың ең көп таралған құрал түрі. Олар әртүрлі материалдардан жасалуы мүмкін және ингаляция арқылы ауа сүзуге және зиянды бөлшектер мен микроорганизмдерді ұстап қалуға арналған. Белгілі бір жұмыс немесе жағдайда қажетті қорғаныс шарттары мен деңгейіне сәйкес келетін тыныс алу құралын түрі мен класын дұрыс таңдау маңызды. Респираторларды дұрыс пайдалану және техникалық қызмет көрсету – тыныс алу органдарын тиімді қорғауды және жұмысшылардың немесе пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кілті.

Компания автоматтs технологияны қолданады. «MFA INTERNATIONAL» ЖШС компаниясы жылына 11 000 000 дана қорғаныс маскасын шығарады және қазір респираторлардың 9 түрлі моделін ұсынады. Сондай-ақ, осы зауытта толық бетке арналған газқағарлар мен сүзгілерді шығару жоспарлануда.

Қуатты арттыру үшін компания қосымша жабдықтарды «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы KZI Bank-тен сатып алды.

Сайт: https://www.mfamaska.kz/

Телефон: +7 (7172) 24 81 19