info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» Қоры Жетісу облысы бойынша филиалының мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындарда өткізген ПРЕСС-ТУРЫ

Жаңалықтар
24.10.2023

Бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсету – өңірдің ғана емес, тұтас елдің кәсіпкерлік секторын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұған «Даму» Қорының Жетісу облысы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырған пресс турға қатысқан БАҚ өкілдері көз жеткізді. 

Пресс тур аясында «Жетісу облысының шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтіп, онда өңірлік филиал директоры Балтаев Абляхат Уркешұлы журналистерге нәтижелерді баяндады.

0.jpg

Бизнесті қолдау және дамыту бағдарламалары іске қосылған кезден бастап Жетісу облысында:

  •         «Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» құралы бойынша кәсіпкерлердің жалпы сомасы «137,5 млрд теңгеден астам 1 868 жобасы қолдау алды (пандемия кезеңінде экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларындағы кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанда);

  •         «Кепілдік беру» құралы бойынша кепілдік сомасы 6,4 млрд теңгеден астам, жалпы сомасы 13,3 млрд теңгені құрайтын несие бойынша 363 кәсіпкерлердің жобасына қолдау көрсетілді.

Оның ішінде осы жылы:

  •              «Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» құралы бойынша кәсіпкерлердің жалпы сомасы 13,4 млрд теңгеден астам 198 жобасы қолдау алды, оның ішінде:

- «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында несие сомасы 8,8 млрд теңгеден астам 194 жоба;

- «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 4,6 млрд теңгеден асатын 4 жоба қолдау тапты.

  • «Кепілдік беру» құралы бойынша жалпы кредит сомасы 7,1 млрд теңгені, ал кепілдіктер сомасы 3,4 млрд теңгені құрайтын 204 жобаға қолдау көрсетілді. 

Пресс тур аясында БАҚ өкілдері бизнесін дамытуға мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау алған кәсіпорындарға барды. Журналистер «Даму» Қорының бағдарламаларына қатысқан кәсіпкерлердің нақты бизнес-кейстерімен танысып, олардың өз аузынан жеңіл несие алу, несиені субсидиялау арқылы қарыз жүгін жеңілдету, несиеге кепілдік алу секілді құралдарды қалай пайдаланғандарын естіді. Сондай-ақ Қазақстанда бизнесті қолдау мен дамытудағы өзекті мәселелер жайлы біліп, кәсіпорын басшыларынан сұхбат алды.

«Fortuna FOOD » ЖШС

Fortuna Food компаниясының тарихы 2001 жылы ішіне алты үстел қойылған шағын дәмханадан басталды. Штатта тек бес қызметкер еді. Бұл жерді басқалардан ерекшелендіріп тұру үшін тез арада бір жол табу керек болды.Осы жерге ғана тән тағам, балбалмақ аспаз, жайлы бөлме, жылдам қызмет көрсету. Міне осы жол олардың жаңа деңгейге көтерілуіне көмектесті. 2008 жылы дәмхана жанынан кондитерлік дүкен ашылып, қызметкерлер саны да арта түсті. Дүкен ассортиментін біртіндеп ұлғайта келе, өндірістік ғимаратты кеңейту, мамандар табу, қосымша жабдықтар сатып алу қажет болды.

2015 жылы Алматы облысы бойынша кондитерлік өнімдер жеткізумен айналысатын компания сатып алынды да ол «FortunaFood» брендімен жұмыс істей бастады. «Fortuna» дәмханасының бренді осы өңірде танымал болғандықтан, жаңа компанияның атауын да тұтынушылар санасында қалыптасқан брендпен байланыстыру туралы шешім қабылданды. Клиенттер саны артып, штат кеңейе бастады, техника мен арнайы жабдықтар саны артты, жартылай фабрикаттар шыға бастады. Мұның бәрін жүзеге асыру үшін қала орталығындағы 1200 шаршы метрлік үй-жай сатып алынды және өз сауда желісі іске қосылды. Нәтижесінде «Fortuna Food» ірі «Скиф трейд» және «Магнит» бөлшек сауда желілерімен жұмыс істей алды. Сол жылы компания Алматы облысы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» номинациясында жеңімпаз атанды.

Компания «БанкЦентрКредиттен» өңдеу өнеркәсібін қолдауды көздейтін «Дмау-Өндіріс» бағдарламасы аясында 6%-бен жеңіл несие ресімдеп, коммерциялық үй-жай сатып алды.

Бір айта кетерлігі, компания басшысы және табысты кәсіпкер Хакимова Ильмира Абдрашитқызы «Бизнестің жол картасы-2020», «Даму-Өндіріс», «ШОБ топ - менеджментін оқыту», «Іскерлік байланыстар» сияқты «Даму» Қорының қаржылық және қаржылық емес бағдарламаларының белсенді қатысушысы. 2023 жылы «ULTTYQ ÓNIM» көрмесіне қатысты.

Қазір «Fortuna Food» компаниясы үш бағытта дамып келеді: кондитерлік және аспаздық өнімдер өндірісі, жеке аспаздық және аймақ бойынша кең сауда желісі. «Фортуна» дәмханасы мен «СтильЖИ» оқыту студиясы да бар. Штатта 140 адам жұмыс істейді. Компанияның әр бағытының өз атқарушы директоры бар, осы кезеңде меншік иелері директорлардың жұмысын үйлестіреді және бақылайды, «тиімді команда» басқарудың жаңа жүйесін енгізеді, компанияны дамыту үшін жаңа идеялар мен жобаларды іздеумен айналысады.

Инстаграмм: @fortunafood.kz

Телефон: 8 747 508 23 15

Мекен- жай: Жетісу облысы, Талдықорған қ., Шевченко көш., 131 


«Алматинские краски» ЖШС

«Алматинские краски» ЖШС – лак-бояу материалдары мен жол жөндеуге арналған материалдар шығаратын қазақстандық компания. Ел аумағында 2009 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді.

Зауыт жылына 5000 тонна лак-бояу материалдары мен 6000 тонна термопластик шығарады. «Алматинские краски» ЖШС өнімдері жаңа озық технологиялар бойынша өндіріледі. СТ-KZ сертификаты бар. 2010 жылы кәсіпорында ҚР СТ ИСО 9001-2009 талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесі енгізілді, соның негізінде сәйкестік сертификаты берілді. Кәсіпорын 100-ге жуық білікті маманды жұмыспен қамтып отыр. Барлық қажетті инфрақұрылым жасалған.

Компания Қордың кепілдігін пайдалана отырып, «Қазақстан Халық Банкі» арқылы несие алып, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында субсидиялап, қазір қарызын 6%-бен төлеуде.

Талдықорған қаласы, Абылай хан көшесі 371

+7 7282 23 51 43 


«Баялышбаев Е.Қ.» ЖК

Кейде бизнес ашу – ақша табудың жолы емес, төтенше жағдайдан шығудың амалы болатын жағдайлар болады. Талдықорғандық Елдос Баялышбаев жол апатына ұшырап, төсекке таңылып қалғанда болашақта кәсіп ашып, өзі секілді жандарға жағдай жасап, оңалуына көмектесем деген ой бірден басына келмеген де шығар. Күнделікті жаттығулардың арқасында ол екі жылдан кейін аяққа тұрды. Дәл сол кезде оған спортзал ашу және басқа мүгедектерге көмектесу жайлы идея келді. 2013 жылы Елдос Баялышбаев «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында грант жеңіп алып, «Асар» спорттық-оңалту орталығының негізін қалады. Ол ашқан залға елдің барлық аймақтарынан науқастар келе бастады.

2015 жылы «Болашақ» қауымдастығының «Даму» Қорымен бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Startup Bolashak» байқауына қатысып, Елдос екінші орын алды. Соның арқасында Алакөл жағасында ерекше жандар үшін «Асар» пансионатын ашып, өзінің бизнес-идеясына қаржы алды. Алайда ғимараттың жұмысын аяқтау үшін грант пен жеке ресурстар жеткіліксіз болды.

Оның «Даму» Қорына жүгініп, «Қазақстан Халық Банкінен» 21,75%-бен алған несиесі әрлеу-монтаждау жұмыстарына жұмсалды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында несиені кәсіпкер тек 6%-бен төлейді, айырмасын Қор субсидиялайды. Сондай-ақ, бағдарлама аясында «Даму» Қоры кепілдік те ұсынды.

Компания мекенжайы: Талдықорған қ-сы, Қартал ы.а., 19А үй.

Инстаграмм: @reab.asar