Ақмола облысында жаңартылатын энергияны дамыту, жасыл құрылыс, өнеркәсіп, қалдықтарды қайта өңдеу сияқты жасыл экономикаға көшу жолындағы жобалар саны артып келеді.
2021 жылғы тамыз айында пайдаланылған батареяларды қайта өңдейтін зауыт ашылды. Жобаны Степногорск қаласында «ПромЗащита» ЖШС компаниясы жүзеге асырды. Кәсіпорын пайдаланылған қорғасын-қышқылды аккумулятор батареяларын (ОСКАБ) қайта өңдейді, аккумулятор, кабельдік, медициналық және өзге де өнеркәсіптің қажеттіліктері үшін таңбалы қорғасын шығарады.
2021 жылы «ПромЗащита» ЖШС жобасын жүзеге асыру үшін өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдайтын «Даму-Өндіріс» бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкінен» жылына 6%-бен, 10 жыл мерзімге несие алды.
Несие қаражаты аккумуляторларды қайта өңдеу жабдықтарын сатып алуға, цех пен өндіріс ғимараттарын қайта құруға жұмсалды. Ал 2022 жылы зауыт «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қорының субсидиясын пайдалана отырып, қорғасын, мырыш және қалайы өндіру қызметін кеңейтуге «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан несие алған болатын.
«Бүгінде сатып алынатын шикізат көлемі 7000 тн құрайды, дайын өнім 3000 тн шығарады. Дайын өнім – қорғасын құймалары – аккумулятор шығаратын зауыттарға сатылады. Сыртқы корпустан алынатын пластмасса полипропилен өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға жеткізіледі. Кәсіпорында 45 қызметкер жұмысқа орналастырылды, қуаттылығы артып, штатты 75 адамға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», - дейді «ПромЗащита» ЖШС директоры Оразалин Мейрам Абайұлы.
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 6-өнеркәсіптік аймақ, 22А кешені.
Эл.пошта: promzashita2020@mail.ru
+7 (71645) 7 19 98, +7 701 943 35 25.