info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Жаңа жылға арналған жаңа кәдесыйлар

Жаңалықтар
13.12.2023

Бикеев Айдос Мұратұлы ашқан «Самғау» ЖК 2017 жылдан бері кәдесыйларды брендтеумен айналысады. Толығырақ айтқанда сағат, футболка, қалпақ, рюкзак, термосаптыаяқ секілді кәдесыйларға сурет, таңба салып, логотипі бар спорттық медальдар, мерейтойлық медальдар және т. б бұйымдарды өндіріп, безендіреді.

Соңғы кездері мұндай өнімдерге деген сұраныс артып келеді. Бұл жұмыс сапасына қойылатын талап деңгейін көтереді. Тапсырыстарды мүмкіндігінше қысқа мерзімде орындау қажет.

2023 жылы кәсіпкер шығаратын өнім көлемін ұлғайтуды жоспарлады. Осы мақсатта егжей-тегжейлі кеңес алу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгінді. Қор қызметкерлері толық кеңес беріп, жолын түсіндірген соң банкке несие алу үшін құжат жинап, өткізді. Жабдық сатып алу және айналым қаражатын толықтыру үшін банктен алған сол несиені кәсіпкер «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидиялап, кепілдік алды.

Осылайша, 2023 жылы қаражат алғаннан кейін кәсіпкер қосымша шикізат пен тұтынушылардың сұранысын жүзеге асыруға және соңғы үлгіде өнім шығаруға мүмкіндік беретін жаңа жабдық сатып алды.

Тараз қаласы, Айтиев көшесі, 48 үй

Телефон: 8708-169-32-62

Instagram: samgau_print