menu
Жабу

Үздік орама заттары Қостанай облысында өндіріледі

Жаңалықтар
11.04.2024

«ППК Гранула» ЖШС 2015 жылдан бері полиэтиленнен өнім шығарып келеді. Өндіріс-өнеркәсіп кешені – елдегі орама шығару секторындағы жетекші кәсіпорындардың бірі.

Компанияның полиэтилен және полипропилен өнімдер шығаратын екі цехы жұмыс істеп тұр. Мұнда түйіршікті шикізаттың ПНД, ПВД, полипропилен маркаларын өңдейтін алты заманауи экструдер қолданылады. Ай сайын шамамен 200 тонна өнім өңдеп, шығарады.

Мұнда полиэтилен құбырларлар, тамақ және тамақ емес өнімдерге арналған полимер қаптама, ПЭТ-бөтелкелерге арналған полимер жапсырма, ПВХ, ПВД термиялық жапсырмасы, полиэтилен пленка мен қап, пакеттердің барлық түрі, ауылшаруашылық техникасы шығарылады.

Өнімді тұтынушыларға жеткізу үшін толық циклді ірі көлік-логистика компаниялармен ынтымақтастық жолға қойылған. Қазақстанның кез келген жеріне жеткізуге кепілдік бар.

2018 жылдан бастап «ППК Гранула» ЖШС мемлекеттік бағдарламаларға тұрақты қатысып келеді. 2022 жылы компания жабдық сатып алу үшін «Банк ЦентрКредиттен» несие алып, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау түрінде Қордың қолдауын алды. 

Соның арқасында компания біраз жабдықты жаңартты. Сондай-ақ, компания айналым қаражатын толықтыру үшін де аталған банктен несие алып, «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында қордың субсидиясы мен кепілдігін алды.

Ал 2023 жылы «Center Leasing» АҚ арқылы екі жүк көлігін «Даму-Лизинг» бағдарламасы аясында лизингке сатып алды. Осы несиенің «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры субсидиялап, пайызын азайтты.

Қостанай облысы, Рудный қаласы, Қазанның 50 жылдығы көшесі, 109Б

Тел: 7 (777) 508-18-84

Сайт: www. гранула.kz