«Таза энергия және таза ауа!

Жаңалықтар
13.05.2024

«Қонаев және Компания» ЖШС энергетика саласында 1996 жылдан бері жұмыс істейді. Директор Ж.Б.Қонаевтың жетекшілігімен компания электр желілерін салу жобалары бойынша энергетика саласында құрылыс жұмыстарын жүргізеді және жалпы Алматы аумағында энергетика саласының дамуына өз үлесін қосуда. Кәсіпорын жұмыс істеген уақытта жүздеген шақырым жоғары вольтты электр желілері мен кернеудің барлық класындағы қосалқы станциялар салды. Компанияның энергетика саласында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге екінші санатты лицензиясы бар.

Бүгінгі таңда «Қонаев және Компания» ЖШС жасыл энергетика саласындағы өз бизнесінің жаңа бағытын – су электр станциялары арқылы электр энергиясын өндіруді дамытуда.

Су электр станциясы (СЭС) – су ағынының энергиясы электр энергиясына айналатын құрылыстар мен жабдықтар кешені.

Су – энергияның маңызды көзі. Таза, жаңартылатын, үнемді және экологиялық таза.

Электр энергиясы – адамзат қолданатын энергияның ең әмбебап түрі.

«Қонаев және Компания» ЖШС салған қуаты 2,2 МВт болатын Қақпақ су электр станциясы Алматы облысы Райымбек ауданы Қақпақ ауылдық округі Қақпақ ауылының іргесіндегі Орта Қақпақ өзенінің бойында орналасқан.

Қақпақ су электр станциясына чехиялық CINK Hydro-Energy k.s компаниясының заманауи қондырғылары орнатылған.

Қақпақ су электр станциясы Алматы облысы Райымбек ауданындағы елді мекендерді электр қуатымен қамтамасыз етеді.

Қақпақ су электр станциясына қызмет көрсететін жұмысшылар Қақпақ ауылының жергілікті тұрғындары.

2023 жылдың шілде айынан бүгінгі күнге дейін Қақпақ су электр станциясы 5 449 140 кВт*сағ электр энергиясын өндіріп, «АЖК» АҚ желісіне берді.

Көмір электр станцияларында осыншама электр энергиясын өндірген кезде атмосфераға 4599 тонна көмірқышқыл газы ауаға кетіп, аймақтың экологиялық жағдайына айтарлықтай кері әсер ететін еді.

2022 жылы «Қонаев және Компания» «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» қорының субсидияларын пайдалана отырып, «БанкЦентрКредит» АҚ-тан, Қақпақ су электр станциясының құрылысын салуға қаржыландыру алды.

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Төле би көшесі, 85-үй.

Тел. 8-701-714-22-74

Пошта: konaev.company@mail.ru