Темірбетонның ең жақсысы – кепілдік пен беріктік

Жаңалықтар
13.05.2024

Өскемендегі «Темірбетон бұйымдары зауыты» өз қызметін 1950 жылы «Алтайсвинецстрой» тресі құрамында болған кезде бастады. 2001 жылы темір-бетон зауыты, жөндеу-механикалық зауыты, «Легпромстрой» құрылыс басқармасы трест құрамынан шығып, «ЖБК» ЖШС-нің негізі қаланды.

2010 жылдан бері зауыт Өскемен қаласының тұрғындарына арналған жеке тұрғын үй салуды бастады. Нәтижесінде Сәтпаев даңғылы 36 «Болашақ» тұрғын үй кешені мен Красин көшесі 8/5 «Трио» тұрғын үй кешені салынды.

2013 жылы Карл Маркс даңғылы, 40 мекенжайында «Рахат» тұрғын үй кешені салынды.

2014 жылы Карл Маркс даңғылы, 18 мекенжайы бойынша «Green House» бірегей тұрғын үй кешені құрылысының 1-кезеңі аяқталды.

2023 жылы Есенберлина даңғылындағы «KOKTEM» тұрғын үй кешенінде үш жаңа үй салынды. Тұрғын үй кешенінде балалар және спорт алаңдары бар. Автокөлік жүргізушілеріне ыңғайлы болу үшін жерасты тұрағы мен гараж қарастырылған.

Темірбетон зауыты 2004, 2006, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2022 жылдары Шығыс Қазақстанның құрылыс саласының үздік кәсіпорны болып танылды.

Темірбетон зауыты Қазақстан Республикасындағы электр желілеріне арналған темірбетон тіректерін шығаратын екінші кәсіпорын.

Кәсіпорын 1000-нан астам өнім түрлерін өндіріп, тұтынушыларға келесі түрлерін сатады: бетон, құмбетон, керамзит және кірпіш ерітіндісі, панельдер мен еден плиталары, іргетас блоктары мен жол жиектері, тіреуіштер, науалар мен қадалар. Топта 650-ге жуық қызметкер бар. Бетон және темірбетон бұйымдарын өндіру үшін кәсіпорын барлық қажетті инфрақұрылыммен, құрал-жабдықтармен және техникамен жабдықталған.

Өндіріс құрылымы келесі бағыттарды қамтиды:

- Темірбетон бұйымдарын өндіру;

- Механикалық жөндеу өндірісі;

- Құрылыс-монтаждау өндірісі;

- Полимерлеу цехы;

- Электр қозғалтқыштарын қайта орау цехы;

- Ұнтақтау және іріктеу кешені;

- Құю өндірісі;

- Жобалау-конструкторлық бөлім;

- Автомобиль көлігі саласы;

- Шикізат пен өндірілетін өнімнің сапасын бақылау бойынша сертификатталған зертхана.

Компания «Bank RBK» АҚ арқылы шикізат сатып алу мақсатына «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» Бірыңғай Кешенді Бағдарламасы аясында несие алды. «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен кәсіпкер үшін жылдық пайыздық мөлшерлеме 9% - ға дейін төмендетілді.

Байланыс телефоны: +7 7232 411 112

Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 150

email: zhbk@mail.ru