Kerim Plastic Pipes ЖШС – полиэтилен құбырлар шығаратын зауыт

Жаңалықтар
21.05.2024

«Kerim Plastic Pipes» ЖШС 2019 жылы бастап полиэтилен және полипропилен құбырлар, полиуретанды көбікпен (ППУ) оқшауланған металл құбырлар өндіріп келеді. ППУ-мен қапталған құбырларды ашық аспан астында, ылғал жерлерде де пайдалануға болады. Бұл өнімнің артықшылықтары деп: жеңіл әрі тығыздығын, сыртқы әсерлерге төзімділігін, ұзаққа шыдас беретіндігін, жылу сақтағыштығы мен құбыр арқылы тасымалдау керек кезде кез келген жерде пайдалануға жарамдылығын атауға болады.

Қазір таңда компания газбен жабдықтау және сумен жабдықтау жүйелеріне арналған диаметрі 16-дан 630 мм-ге дейін полиэтилен құбырларды ең жаңа, алтыншы буын болып саналатын «KraussMaffei Berstorff» атты неміс желісінде шығаруда. Полиуретан көбік экологиялық таза. Ол улы емес, көгеруден, бактериялар пайда болуынан, шіруден сақтайды.

Өндіріс кешені аумағы 5000 м2 асатын №1 цехтан және №2 цехтан тұрады. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында, толық инфрақұрылымы бар.

2022 жылы компания өнім көлемін ұлғайту үшін «ForteBank»-тен 21%-бен несие алды. Оның 15%-ын «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидиялайды. Кәсіпкер қалған 6%-ын ғана төлейді.

Телефон: +7 (777) 632-29-99

Сайт: kerimplastic.kz

Астана қаласы, Алматы ауданы, А184 көшесі, 6 ғимарат.