«Май» АҚ-ның күнбағыс майын өндіретін зауыты 1922 жылдың соңында жеке май тартатын база жанынан құрылып, жергілікті маңызы бар комбинатқа берілді. 1923 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Маслозавод №1» деп атала бастады. 1953 жылдан 1986 жылға дейін зауыт ұдайы жабдық жаңартып отырды. Соның арқасында өндіріс қуаты артты, өнім сапасы жақсарды және қол еңбегін қажет ететін процестер қысқарды. 2009-2010 жылдары тұқымды автоматты түрде тазартып, даярлайтын «Buhler» атты Швейцария желісі орнатылса, күнбағыс майын сығатын тұсқа Германияның әлемге әйгілі «Lurgi» маркалы жабдығы орын тепті. Сондай-ақ, технологиялық процесте әлемдегі ең мықты өндірушілердің бірі – Бельгияның De Smet Balestra жабдығы қолданылады.
Қазір «Май» АҚ – күнбағыс майы нарығындағы отандық көшбасшылардың бірі. Өнім сапасын мамандар жеке аттестатталған химиялық зертханада тексереді. Теміржол тұйығы, жалпы ауданы 8000 м2 болатын қоймалары бар. «Май» АҚ – өндірістің тұйық циклін құрайтын және шетелдік ресурстарға тәуелді емес агроөнеркәсіп холдингіне айналған. Тәулігіне 150 тоннадан астам барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тазартылған май шығарады. Бұл зауыттағы (Қазақстандағы жалғыз) жаңа технологияның бірегейлігі: тұқым майын өңдеуден бастап бөтелкеге құйғанға дейінгі бар процесс 48 сағаттан аспайды. Бұл – майдың барлық пайдалы қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді.
Компания «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкінен» айналым қаражатын толықтыруға несие алған кезде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпкер үшін пайыздық мөлшерлемені жылына 7%-ға дейін төмендетіп берді.
+7 7232 26 23 61
ШҚО, Өскемен қаласы, Степная көшесі, 4
Веб-сайт: ao-may.kz