Жетісу облысындағы «Brilliant» шығармашылық студиясы мемлекеттен қолдау алды

Жаңалықтар
28.05.2024

Аздерова Шолпан Мерекенқызы 2020 жылдан бастап 4 жастан асқан балаларға би, вокал және домбыраның 7 түрін біріктіретін бірегей шығармашылық студия жұмысын жүргізіп келеді.

Кәсіпкердің «Бриллиант» ЖК-нің шығармашылық салада білім беруде тәжірибесі мол. Алғашқы би тобы 2020 жылы пандемия кезінде ұйымдастырылды. Бұл топта мектеп жасындағы 10 бала және бір оқытушы хореограф болатын. Жобаның бастапқы мақсаты – «Қазақстан» телеарнасындағы «Айгөлек» телевизиялық байқауына қатысу. Ол кезде дайындық жедел режимде өтті. Бұқаралық іс-шараларға тыйым салынғанына байланысты балалар көшеде, саябақтарда, скверлерде жаттығатын. Карантин талаптары жеңілдеген соң «Бриллиант» ЖК «Оқушылар сарайында» хореография сыныбын ашып, мектеп жасындағы балаларды хореография топтарына белсенді түрде тарта бастайды. Бірнеше ай тиімді және қажырлы еңбектен кейін «Бриллиант» ЖК оқушылары облыстық және республикалық маңызы бар шығармашылық конкурстарда жүлделі орындарға ие болып жүрді. Қазір «Бриллиант» ЖК Талдықорған қаласында 3 бірдей шығармашылық студия ұсынады.

Тағы бір студия ашу үшін кәсіпкер «Forte Bank»-тен несие алды. Жобаны «Даму» Қоры» «Бірыңғай кешенді бағдарламаның» 2-ші бағыты аясында қолдап, кепілдік берді.

Қазір студияда білім алушылар саны 450-ден асады. 10-нан астам тұрақты оқытушылар бар. Шығармашылық үйірмелердің 7-ден астам бағытының әрқайсысы баланың шығармашылық әлеуетін ашуға көмектеседі.

Instagram: @Brilliant_studio_tdk

Телефон: +7 747 572 99 50, +7 705 365 61 05

Мекен-жайлары:

1) Талдықорған қаласы, «Оқушылар сарайы», Қонаев көшесі 51

2) Талдықорған қаласы, «Жетісу» СҮ, Жансүгіров 119

3) Талдықорған қаласы, Шығыс ш/а, Жылысай 24