Бизнес ашқанға дейін Шамшия Сауырықова бірнеше жыл бойы тоқыма бұйымдарын тігумен айналысқан.
Жинаған тәжірибе мен айналысқан сүйікті ісі оған шағын цех ашуға түрткі болды. Қазір кәсіпкердің кәсіпқойлардан құралған командасы құрақ құрап, көрпе-жастық жасап, клиенттерді шеберлігімен таң қалдырып келеді. Оларға қыз жасауы, құдалық секілді іс-шара, басқа да ұлттық дәстүрлі мерекелерге орай толыққанды тапсырыс беруге болады.
Жабдық сатып алу қажет болғанда «Сауырықова Ш» ЖК «Банк Центр Кредиттен» жылына 21,25%-бен несие алды. Оның кәсіпкер тек 8-10%-бен төлейді, ал айырманы «Даму» Қоры «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында субсидиялайды. Кепілдік жетіспейтін бөлігіне Қор кепілдік берді.
Қазір «Сауырықова Ш» компаниясы заманауи сәнді этникалық стильмен үйлестіре отырып бұйымдар шығарады.
Атырау, С.Датов, 172Б
+7 702 100 06 93
Инстаграм: @bayansulu.kyzjasau