Нейропедагогика тәсілі – неврология, психофизиология, балалардың оқуы мен дамуындағы психикалық процестердің мида қалыптасуы туралы білімді қолдана білу. Оқу мен таным — ми дамуының табиғи механизмдері. Адам танымға ұмтылады және педагогика осы қажеттілікті қанағаттандыру үшін жағдай жасауы керек.
«Logo in time» нейропедагогика орталығы – тілі шықпаған, кеш шығып сөйлеп жатқан, мүкіс, ойлау қабілеті кешеуілдеген, сенсор-мотор алалиясы, аутизм, Даун синдромы бар және т.б. балаларды қабылдайтын орталық. Мұнда бала көптеген жаңа және қызықты нәрселерді үйренеді, жаңа дағды, машықтарды жетілдіреді және игереді, әлеуметпен араласуды түсінеді және құрдастарымен араласа білуге бейімделеді.
«Logo in time» нейропедагогика орталығында баламен жұмыс істеу бағытын анықтау үшін нейропсихолог қабылдау өткізіп, диагностикалайды. Кейіннен логопед сабақ өткізіп, емдік мақсаттағы дене шынықтыруға қатысып, балалар психологынан кеңес алып, сенсорлық интергация, арт-терапия, логопедиялық массаж және т.б. жеке бағдарламаларға қатыса алады.
Осындай нейропедагогика орталығын ашу мақсатында кәсіпкер «Банк ЦентрКредиттің» Маңғыстау облысы бойынша филиалынан несие алды. «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидиялады.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша алынған қаржы орталықты ашу үшін коммерциялық объекті сатып алуға, сондай-ақ нейропедагогикалық орталықты жабдықтау мен жөндеу жұмыстарына жұмсалды.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Мұнайлы ш / а, №22а
Instagram: @logointime_zhanaozen
тел.: +7 (702) 854 47 15