Экологиялық таза өнім – дені сау ұлт!

Жаңалықтар
06.06.2024

Жемістер мен көкөністер адамның тамақтануының ажырамас бөлігі. Дегенмен, көкөністер мен жемістер тек белгілі бір маусымда ғана жиналатындығы мен көкөністердің көптеген сұрыптарын сақтаудағы қиындықтар адамдарды азық-түлік өңдеудің жаңа түрлерін іздеуге мәжбүр етті. Жарамдылық мерзімін едәуір ұзартып, маусымаралық кезеңде бар қасиетімен сақталуына мүмкіндік беретін әдістердің бірі – жоғары температурада зарарсыздандырылып, консервілеу. 

Алматы облысындағы «СД және Ко» ЖШС да осы бағытта жұмыс істеп келе жатқан компания. 2006 жылдың мамыр айында сауда-делдалдық қызмет көрсету үшін құралған кәсіпорын 2009 жылдан бастап тамақ өнімдерін шығаруға көшті. Бастапқыда жалға алынған ғимаратта жұмыс істеп, түскен пайданы жинақтап өндіріс алаңдарын салып отырды. Осылайша, кәсіпкердің өз есебінен жеміс-жидек консервілеу өнімдерін шығаратын жеке зауыт іске қосылды. 

Қазір кәсіпорынның «Лучшие рецепты» сауда белгісімен шығатын өнімдері нарықта өз орнын тапты. Сондай-ақ, кәсіпорын «Suntik» брендімен тікелей сығылған және езбесі бар жеміс шырындарын шығарады. Зауыт өнімдері дәм жағынан ешбір импорт брендтен кем түспейді, ал кейбір түрлері жергілікті және шетелдік аналогтардан асып түседі. Қаптама мен контейнердің дизайны ең жақсы әлемдік стандарттарға сай. 

Құрылтайшының басты мақсаты бәсекеге қабілетті, импортты алмастыратын өнімдер шығаратын заманауи қайта өңдеу кәсіпорнын құру және жергілікті шаруа қожалықтарына өсіретін өнімін өткізуге көмек көрсету еді. Әрі бұл ауыл халқына қосымша, жақсы төленетін жұмыс орындарын құру болды.

 2021 жылы «СД және Ко» ЖШС «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында «Даму» Қорының субсидиясын қолдана отырып, «БанкЦентрКредиттен» несие алды. Қаражат қосымша жабдық сатып алуға жұмсалды. 

«СД және Ко» ЖШС қазір Қазақстан ғана емес, сонымен қатар Ресейдің (Алтай өлкесі, Новосібір облысы, Челябі облысы, Мәскеу) және Қырғызстанның (Бішкек) жақын маңдағы қалаларын жаулап алатын кең дистрибьюторлық желіге ие. Беларусь Республикасы мен Қытайға өнім жеткізу де жоспарда бар. 

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Заречное ауылы, Школьная көшесі, 30

Тел. +7 777 771 17 79

Пошта: lr.agro@list.ru