Жаңа піскен тоқаштар, десерттер мен торттарды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Кәсіпкер Гүлзия Мұратбекқызы 2020 жылдан бастап дәл осы қызмет түрімен айналыса бастады. Кәсіпкердің бизнесі кондитерлік және нан-тоқаш өнімдері, жартылай фабрикаттар мен пісірілген өнімдерді өндіруді қамтиды. Кәсіпорын табысының кепілі – өнімдердің 40-қа жуық түрді қамтитын кең ассортименті. Кәсіпкер Мұратбекқызы Гүлзия кондитерлік өнімдерді өз рецепті бойынша өндіреді және тұтынушыларға дайын және тапсырыспен сатады.
Өндіріске қажетті коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін кәсіпкер «Еуразиялық банктен» несие алып, «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кепілдік беру түріндегі Қордың қолдауын алды.
Кәсіпкердің кондитерлік цехы жанына дәмхана ашылған. Онда келушілер жаңа өнімдерді тікелей тұтына алады. Кәсіпкер әртүрлі ассортимент, стандартты емес рецептура мен табиғи құрамды өнімдері арқылы тұтынушылардың кең ықыласына бөленіп келеді.
Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, 14А
Тел: +7 775 218 04 74
Инстаргам: @omar_tort