Балаларға бақытты болашақ сыйлайық

Жаңалықтар
03.06.2024

Мектепке дейінгі білім беру – мемлекет дамуының басым бағыттарының бірі береді. Балабақшалардың, орталықтардың ашылуы өскелең ұрпаққа осы жас кезеңінде жеке тұлғаны қалыптастыру үшін қажетті бастапқы білім, дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

Осы саладағы көп жылдық тәжірибе кәсіпкер Нұрия Керімқұловаға бүгінгі күнге дейін Атырау қаласында озық балабақшалар болып саналатын Fas Trakids, Dinokids, Bala bee, Crocokids балабақшалар желісін ашуға мүмкіндік берді.

Қазір «Crocokids» балабақшасы жайлы аудиториялармен жабдықталған. Мұнда 8 айдан 7 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Оқу: мемлекеттік, американдық «FasTrackids және ресейлік Prokids әдістемесі» бағдарламасы аясында үш әдістеме бойынша жүргізіледі. Бұл балалардың ең маңызды машықтарын ұштауға мүмкіндік береді. Сабақтар шағын топтарда өтеді. Нейропсихология бөліміндегі жаттығулар балалардың зейіні мен табандылығын дамытуға және жаттықтыруға мүмкіндік беретін оқу, мінез-құлық және эмоционал қиындықтарды түзетуге сеп болуда. Балалар математика оқып, сөйлеп үйреніп, артикуляр гимнастика және логопед жаттығуларына барады. Қол моторикасын, шығармашылықты дамытады.

«Crocokids» балабақшасын кеңейту жөніндегі өтінімді «Банк Центр Кредит» АҚ «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында мақұлдап, 21,75%-бен несие берді. Онда мемлекет субсидиялайтын бөлігі 13,75%-ды құрады, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.

Атырау қ. Сәтпаев к-сі, 48 в

+7 702 997 58 48

Instagram: @crockid.satpayeva

nuria_k­­erimkulova