menu
Жабу

Маңғыстау облысында «Даму» Қорының қолдауымен «Кәусар» кондитерлік цехы ашылды

Жаңалықтар
04.06.2024

Қазір көпшілікті тамақтандыру ісі біртіндеп индустриялану жолына көшіп келеді. Жетілген техника, құралдармен жабдықталған заманауи кәсіпорындар құрылуда. Олар прогрессив технология қолданады, еңбек пен өндірісті ғылыми түрде ұйымдастырады, қызмет көрсетудің жаңа түрлерін қолданады. 

Ұннан жасалған кондитерлік өнімдер – көпке танымал және сүйікті тағамдар. Олардың ассортименті мол, көптеген белгілерге сәйкес жіктеледі, олардың негізгісі – белгілі бір кондитерлік өнімді дайындау үшін қолданылатын қамыр түрі. 

1.jpg

«Кәусар» кондитерлік цехын Қытайбекова Гүлайым Абатайқызы 2016 жылы тіркеген. Негізгі қызметі – ұзақ сақталмайтын нан-тоқаш және ұн кондитерлік өнімдерін өндіру. Мұнда түрлі кремдермен (ақуыз, май, қаймақ) печенье, құм, қатпарлы, қаймақ қамырынан жасалған торттар шығады. 

Кондитерлік цех ашу үшін кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкінің» Маңғыстау облысы бойынша филиалына жүгінді. «Даму» Қоры «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында несиені субсидиялады. 

Мемлекеттік бағдарлама бойынша алынған қаржы кондитерлік цех ашу үшін коммерциялық нысанды сатып алуға жұмсалды. 

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылы, Басқұдық ауылы, Жадыра көшесі, 21/4 учаске.

тел.: +7 (777) 420 76 11