menu
Жабу

Тәтті сыйлықтар шеберханасы

Жаңалықтар
05.06.2024

Егер дәмді ғана емес, сондай-ақ елде жоқ тосынсый таңдағыңыз келсе top_choco_semey кондитерлік цехына барыңыз.

Бүгінгі кейіпкерлеріміз – қос құрбы, top_choco_semey цехының негізін қалаушы – Шамшина Айжан Ержанқызы мен Әбілмәжінова Ксения Александровна.

Олар кондитерлік өнім пісіруге деген махабат пен хоббиінің арқасында жеке кәсіп ашу идеясын жүзеге асырған жандар. Сүйікті ісіміз табыс көзіне айналуы керек деген шешімге келген соң бастапқыда үйде нан пісіріп сатты, кейін шағын цех жалға алды, өнімдерін жарнамалау үшін әлеуметтік желілерді белсенді түрде жүргізе бастады.

Басты мақсат тек ақша табу ғана емес, клиенттер қайтып келіп, top_choco_semey өнімдерінің ең дәмді екенін түсінуі үшін сапаға назар аудару болды. Құрбыларға бұл бизнес баласының біріндей. Өйткені олар перзенттеріне қанша уақыт бөлсе, бизнеске де сонша уақыт бөледі. Мұнда: шоколад түріндегі құлпынай, шоколад түріндегі құрма, фисташка орамы, бенто торт, эскимо, трайфл, моти бар. Тек премиум санаттағы шоколад, өнімдер қолданылады.

Өнімге деген сұраныстың жоғары болуына байланысты жеке цехқа көшу туралы шешім қабылданды. Ұзақ уақыт іздеп, қала орталығында жайлы орын табылды. Цех сатып алу үшін компания «Банк ЦентрКредиттен» қарыз алды. «Даму» қорының қолдауымен кәсіпкер үшін несие бойынша пайыздық мөлшерлеме алғашқы 3 жылда –8%, 4-ші жылы – 9% және 5-ші жылы – 10%-ды құрады. Сондай-ақ кепілдік жетіспейтін бөлігіне «Қор» кепілдік берді.

Кәсіпкерлердің пікірінше, кез-келген істе жетістікке жету үшін аянбай еңбек ету, әрқашан жаңа дүние үйрену, тәртіп, әдептілік және өзіне деген сенім қажет.

«Top_choco_semey» ЖШС

Мекенжайы: РК, Абай облысы, Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көш, 16

Инстагам: @top_choco_semey