menu
Жабу

Салауатты өмір салтын ұстанатын қызылордалықтар үшін жағымды жаңалық

Жаңалықтар
06.06.2024

Қызылорда қаласының орталығынан «Шұғыла» спорт кешені ашылды. Бұл жобаны кәсіпкердің білім саласында тәжірибесі мол. Шакенова Алтынкүл ұзақ жылдар бойы аймақта ұстаздық еткен жан. Стандарттық нормаларға сәйкес келетін балабақшалар мен білім беру орталықтары бар. Сондай жобаларының бірі – аймақтағы спорт пен салауатты өмір салтын дамытуға үлес қосатын осы орталық. Спорт кешені соңғы үлгідегі спорт жабдықтарымен қамтылған. Түрлі спорт секциялары жұмыс істейді.

Спорт кешеннің құрылыс жұмыстары үшін кәсіпкер «Даму» Қорынан «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында қолдау алды. Атап айтқанда, «ForteBank» АҚ-нан алған несиесінің сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялап, қарыз жүгін жеңілдетті.

Мемлекет басшысы өз сөзінде «Қазір саламатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту айрықша маңызды. Әсіресе, балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау қажет. Мұның бәрі халықтың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді» деп атап өткен болатын. Себебі спорт жастарды тәртіп пен табандылыққа баулиды, жеңімпаздық рух сыйлап, елдің беделін асқақтатады.

Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 35

Тел: +7 700 230 62 51