menu
Жабу

Қостанайда жасалған!

Жаңалықтар
28.05.2024

«Саламат» ЖШС – қазақстандық ұн өндірушілер арасында ең табысты компаниялардың бірі. 2001 жылдан бастап Қостанай облысының аумағында жұмыс істеп келеді.

UGUR түрік фирмасының қондырғыларындағы заманауи диірмені, жеке логистикалық инфрақұрылымы, зертханасы, қоймалары мен ғимараттары жеткілікті.

Дайын өнім Ауғанстанға, Қытайға, Ресейге, Тәжікстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Түрікменстанға, Иракқа экспортталады. Компания шығаратын ұн жоғары, бірінші, екінші сұрыпта, «Salamat», «Keremet» «ZOR», «HAN» деген сауда белгілермен танымал.

Кәсіпорын жыл сайын 300 000 тонна астық өңдейді. 10 000 м2 қойма және 15 000 м2 өндірістік үй-жай, бункерлік салмақтағы дайын өнімге арналған сыйымдылығы 40 000 тонна және 4 000 тонна астық қоймалары бар. Өндірістік базаға ауданы 5 га жер учаскесі, теміржол тұйығы кіреді.

Компания 2025 жылға дейін ұн өндірісін жылына 1 000 000 тоннаға дейін ұлғайтуды көздеп отыр.

«Даму» Қоры жүзеге асыратын бизнесті қолдау мақсатындағы мемлекеттік бағдарламалар аясында компания даму үшін бірнеше рет қаржы алған. Соның арқасында тәулігіне 1000 тонна бидай өңдейтін диірмен кешенін, жүк көлігін сатып алды. 2023 жылғы желтоқсанда компания «Bereke Bank» айналым қаражатын толықтыруға, атап айтқанда ұн өндіру үшін шикізат (бидай) сатып алуға арналған қарызды мақұлдады. «Даму» Қоры «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялады.

Мекенжайы: Қостанай облысы, Қостанай қ., Дружба к-сі, 36

Телефон: +7-7142-55-67-59, +7-771-089-30-03

Сайт: https://salamatcompany.kz/