Айдын Қалабаев 2013 жылы Сарыкемер ауылында «Нұр» дәмханасын жалға алып, бизнестегі алғашқы қадамын жасады.
Үш жылдан астам жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған соң, ол 2015 жылы тағы бір дүкені бар мейрамхананы жалға алды. Ал 2019 жылы ол осы мейрамхананы сатып алып, дүкенді шаштараз етіп қайта жабдықтады. Мейрамхананың банкет залына ол кезде 150 адамға дейін сиятын.
2022 жылы мейрамхана ғимаратын бұзып, орнына 350 орындық жаңа заманауи мейрамхана салу туралы шешім қабылдады.
Бұл үшін Айдын Қалабаев «Даму» қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгінді. Толық ақпарат алғансоң «Jýsan Bank» АҚ арқылы несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» қоры оның пайыздық мөлшерлемесін субсидиялады.
Нәтижесінде 2023 жылы мейрамхананың құрылысы аяқталып, Байзақ ауданының тұрғындары отбасылық мерекелерін өткізетін заманауи форматтағы мейрамхана ашылды.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы
Тел. +7707 737 26 11