«Тұрақтылық және қайта өңдеу!»

Жаңалықтар
24.05.2024

«Компания Маолин» ЖШС 1995 жылдан бастап шаруашылық-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз өнімдерін өндіріп келеді. Серік Өркеш басқаратын компания макулатураны қайта өңдеп, өнім шығарады (қуаты 10 000-15 000 тоннаға дейін және жылына 31 370 000 данадан астам өнім шығады).

Компанияның мақсаты мен қызметінің маңызды артықшылықтары:

• Шикізатты өзі өңдейді;

• Майлықтар мен дәретхана қағазын өндіруге арналған жеке жабдығы бар;

• Макулатура жеткізу бөлімі бар (Қазақстан Республикасы бойынша);

• Тіркелген сауда белгісі;

• Жоғары сапаға кепілдік;

• Жарқын, ыңғайлы және оңай танылатын қаптама;

Өндіріске салынған инвестициялардың, кәсіпқойлықтың және ұжымның үйлесімді жұмысының арқасында, реконструкциялаудан және елеулі құрылыс жұмыстарынан кейін 2013 жылдың басында сапалы қағаз өнімдерін шығаруға мүмкіндік беретін қуатты, заманауи жабдықтармен жабдықталған өндірістік база пайдалануға берілді. Қазір зауыттың технологиялық қуаты қағаз шығаруды 6 тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің және қызметкерлердің материалдық деңгейін арттырудың республикалық бағдарламасына ықпал етуге мүмкіндік береді. Тұрмыстық мақсаттағы қағаз өнімдерінің саны мен ассортименті артты. Бүгінгі таңда өндірістік процестердің барлық кезеңдері барынша автоматтандырылған. Енгізілген технологиялар экологиялық таза өнімдерді, тұрақты сапада және кең ассортиментте шығаруға, нарықтағы қазіргі позицияларды нығайтуға және бәсекелестерге қарағанда жаңа артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

2017 жылдың басынан бастап компания Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша жеткумен қоса, Қазақстанның барлық өңірлері бойынша қағаз бұйымдарын сату бойынша дистрибьюторлық желілерді кеңейтіп, Қырғызстанға экспорттп жатыр.

2022 жылы «Маолин компаниясы» ЖШС «Қазақстан Халық Банкінен» өңдеу өнеркәсібі саласында және өңдеу өнеркәсібіне қызмет көрсетуге жататын қызметтер саласында (II транш) айналысатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы аясында өндіріс үшін шикізат сатып алу бойынша айналым қаражатын толықтыруға жеңіл несие алды.

Алматы облысы, Қарасай ауданы,

Кәскелен қаласы, Наурызбай Батыр көшесі, 10

Тел. 8-747-304-80-80; 8-700-254-00-17

Инстаграмм: maolintoo