Нан-тоқаш өнері: жаңа және дәмді өнімдер шығару

Жаңалықтар
03.06.2024

Астаналық Волкова Жанна Георгиевна 30 жылдан астам тәжірибесі бар аспаз. 2021 жылдан бастап жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеп келеді. Жанна Георгиевна кәсіпті 3 қызметкермен бірге шағын цехта бастады. Ал қазір ауданы 200 шаршы метр наубайханада 104 қызметкерге жұмыс беріп отыр.

«Волкова» ЖК күніне орта есеппен 10 мың дана және 280-ден астам түрлі нан-тоқаш өнімдерін өндіреді. Ол неміс және түрік технологиялары бойынша оқып, қазір қалада түрік тәттілерін пісіріп, жеткізетін ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. «Волкова» ЖК мектептер, балабақша және көпшілікті тамақтандыру орындарымен ынтымақтастық орнатқан. Сондай-ақ Фермаг, Вкус Март супермаркеттерінің жалғыз жеткізуші.

Наубайхана өнімдеріне сұраныс артуына байланысты жаңа жабдық сатып алу және аумағы үлкен жаңа ғимаратқа көшу арқылы өндіріс қуатын қажет болған 2024 жылдың басында ЖК «Волкова» «ForteBank» АҚ арқылы несие алды. «Бірыңғай кешенді бағдарламаға» қатысудың арқасында «Даму» Қоры несиені субсидиялап, кепілдік берді.

Астана қ., Есіл ауданы, Пригородный, Арнасай к-сі 2\1

Телефон: +7 (701) 108 77 00