Кәсіпкерлікті дамытуға зияткерлікпен қосқан үлес

Жаңалықтар
13.06.2024

Өнеркәсіпті цифрландыружайлы тапсырманы алғаш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті 2017 жылғы халыққа жолдауында айтқан болатын. Сол кезде-ақ цифрлық технологиялар арқылы құрылатын жаңа өндірістерді дамыту мақсат болды. Бұл дегеніміз – өнеркәсіптік революция элементтері – автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллектті жаппай енгізу деген сөз еді.

Алматыда ақпараттық технологиялар саласында шешімдер әзірлеп, енгізумен айналысатын компаниялардың бірі – «VArMA Tech» ЖШС. 2022 жылы құрылған VArMA Tech компаниясының негізгі миссиясы – бизнеске өз жұмысын жақсартуға және үнемі өзгеріп отыратын нарық талаптарын қанағаттандыруға көмектесетін инновациялық және тиімді технологиялық шешімдер ұсыну.

«Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы компания өңірлік «Jana Business» бағдарламасы аясында айналым қаражатын толықтыру үшін жеңіл несие алды.

«VArMA Tech» ЖШС аймақ экономикасын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халыққа сапалы қызмет көрсетуде. 2 жыл ішінде «VArMA Tech» ұсынатын қызметтері жоғары сапа бойынша ең жоғары рейтингтер көрсетті. Компанияның ұраны: «Ең жақсы қызмет көрсету және серіктестер мен клиенттердің көңілінен шығатын қызмет көрсету олардың өмірін жақсарту», ​​- дейді компания басшысы Виталия Евгеньевна.

Сайт: @varma.kz

Мекенжайы: Алматы қаласы, Муратбаев к-сі, д. 50

Байланыс телефоны: +7-705-768-79-33