Әлеуметтік кәсіпкерлік

Талаптар

Кепілдік мөлшері

несие сомасының 85%-ына дейін

Максимал сома

1 млрд тг

Мақсаты

Инвестиция, АҚТ, Қайта қаржыландыру

Мерзімі

несие мерзімінен аспайды

БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Сүйемелдеу

Құжаттарды дайындауға біздің менеджерлердің көмегі

Ыңғайлылық

Үйден шықпай-ақ кепілдік алуға онлайн өтінім беріңіз

Жылдамдық

Қор тарапынан қысқа мерзімде кепілдік қарастыру

Сенімділік

Бізге сенеді. 62 000-нан астам жоба "Даму" Қоры арқылы кепілдік алды

Жаңадан іс бастаушыларға арналған кепілдіктер

Бизнесі бұрыннан барларға арналған кепілдіктер 

кімдер қатыса алады:

Кодекстің 232-1-бабында көзделген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері

Кепілдіктің максимал  мөлшері:

несие сомасының 85%-ына дейін

несие сомасының 50%-ына дейін

Несиенің максимал мөлшері:

Max – 360 000 000 тг

Max – 1 млрд тг

Несие мақсаты:

1.      Инвестици

2.      АҚТ

3.      Жоба аясындағы  несие сомасы айналым қаражатын 100%-ға толықтыру кезінде 500 млн теңгеден аспайды (несиеге қызмет көрсету бойынша қолда бар қарыздарды  төлеу бойынша есеп айырысу және өтініш берушінің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда);

4.     Қайта қаржыландыру 

Қаржы лизингі

лизингке алатын заттың сомасы-360 млн теңгеден аспайды, кепілдік мөлшері лизингке алатын затт құнынан 50% - дан аспайды

лизингке алатын заттың сомасы-500 млн теңгеден аспайды, кепілдік мөлшері лизингке алатын затт құнынан 50% - дан аспайды

Несие бойынша мөлшерлеме:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеме  және оны 5 пайыздан аспайтын көлемде ұлғайтқан

Максималды кепілдік мерзімі:

несие мерзімінен аспайды

Несие сомасына парапар кепілдік құнын ұсыну :

15%-дан бастап

50%-дан бастап

500 млн теңгеден астам несие бойынша жобаға өзінің ұсынатыны:

-

жобаны жүзеге асырудың жалпы құнының кемінде 10%-ы


өз қаражатымен (ақшамен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қамтамасыз етіледі

Анықтама үшін:

ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері санаттары:

1)            бірінші санат – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі алдыңғы күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің арасында төменде көрсетілген санаттардың кез келгеніне (бір немесе бірнеше осындай санаттарға) жататын адамдардың орташа жылдық саны кемінде елу пайызына жұмыс беретін (осындай санаттарға жататын кемінде екі адамға), ал әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі жұмыскерлерінің орташа жылдық саны кемінде елу пайызды құраған жағдайда азаматтардың төмендегі санаттарын жұмыспен қамтуға ықпал етеді. Осындай санаттардың кез келгеніне (бір немесе бірнеше осындай санаттарға) жататын адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығындар, еңбекке ақы төлеуге арналған шығындар кемінде жиырма бес пайызды құрайды (қызметкердің әлеуметтік мәртебесі еңбек шартын жасасу сәтінде белгіленеді):

мүгедек жандар;

мүгедек бала бағып отырған ата-ана немесе заңды өкіл;

зейнеткерлер мен зейнет жасқа дейінгі азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жас келгенге дейін бес жыл ішінде);

балалар ауылы тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың жиырма тоғыз жасқа дейінгі түлектері;

қылмыс-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар - босатылғаннан кейін он екі ай ішінде;

белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар;

аз қамтылған, көп балалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар мен басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар;

наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психоактив заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар-оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;

қандастар;

2)   екінші санат - әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар қатарынан өндірілетін тауарларды, орындалатын жұмыстарды, азаматтардың көрсетілетін қызметтерін өткізуге ықпал етеді. Бұл ретте алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі кірісінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын, ал әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған алдыңғы күнтізбелік жыл үшін алған таза кірістің үлесін, көрсетілген табыс мөлшерінің кемінде елу пайызын құрайды (алдыңғы күнтізбелік жыл үшін таза табыс болған жағдайда);

3)   третья категория - әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі мүгедектігі бар адамдарға арналған тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті олар үшін олардың тыныс-тіршілігінің шектеулерін еңсеруге немесе өтеуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасау мақсатында, сондай-ақ осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген өзге де адамдарға арналған қызметті жүзеге асырады. Бұл қызмет алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістердің үлесі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі кірісінің жалпы көлемінде кемінде елу пайызды, ал әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі алған таза кірістің үлесі өткен күнтізбелік жыл ішінде болған жағдайда, қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында, ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған, мынадай қызмет түрлеріне сәйкес көрсетілген табыс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл үшін таза табыс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрайтын болуы тиіс:

тұрмыста тіршілік ету барысын қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету бойынша;

күтім жасау, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі бақылау арқылы денсаулықты сақтауға және сақтауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсету бойынша;

әлеуметтік ортаға бейімделу үшін психологиялық жағдайды түзетуге көмек көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету бойынша;

мінез-құлықтағы ауытқулардың алдын алуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсету бойынша;

жұмысқа орналасуға көмек көрсетуге және еңбекке бейімделуге байланысты өзге де проблемаларды шешуге бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету бойынша;

коммуникативтік әлеуетті арттыруды, оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді көздейтін қызметтерді, әлеуметтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша;

цифрлық денсаулық сақтау саласындағы медициналық техниканы, протез-ортопедия құралдарын, бағдарламалық қамтамасыз ету, сондай-ақ аурудың алдын алу, мүгедек адамдарды оңалту, оның ішінде мүгедек балаларды медициналық абилитациялау үшін ғана пайдаланылуы мүмкін техникалық құралдарды өндіру және (немесе) өткізу бойынша;

мүгедек адамдар мен зейнеткерлердің демалысы мен сауығуын ұйымдастыру бойынша;

қосымша білім беруге арналған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша;

әлеуметтік, көлік және рекреация инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізу, көлік құралдарын пайдалану, ақпарат беру кезінде байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету бойынша мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жылдамдығы төмен топтары үшін жағдай жасау бойынша;

4) төртінші санат - әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі төмендегі шарт бойынша қызмет көрсетеді: (осындай қызмет түрлерін) қызметтен түскен табыстардың үлесі алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі табыстарының жалпы көлемінде кемінде елу пайызды, ал әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған алдыңғы күнтізбелік жыл үшін алған таза табыстың үлесі көрсетілген табыс мөлшерінің кемінде елу пайызын (алдыңғы күнтізбелік жыл үшін таза табыс болған жағдайда) құрайды. Олар төмендегі қызмет түрлері:

отбасын нығайтуға, балаларды отбасылық тәрбиелеуді қамтамасыз ету және ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер көрсету бойынша;

балалардың демалысы мен сауығуын ұйымдастыру бойынша

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша;

мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруде қиындықтарға тап болған білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету, дамыту және әлеуметтік бейімдеу бойынша;

осындай ұйымдардың қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерін (волонтер) оқыту бойынша;

мәдени-ағартушылық (оның ішінде жеке мұражайлардың, театрлардың, кітапханалардың, мұрағаттардың, мектеп-студиялардың, шығармашылық шеберханалардың, ботаникалық және зоологиялық бақтардың, мәдениет үйлерінің, халық шығармашылығы үйлерінің қызметі);

қоршаған ортаны қорғау бойынша;

. осы Кодекстің 79-3-бабында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық және ұзақ өмір сүру орталықтарын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын жүргізу жөніндегі іс-шаралар бойынша.


салалық шектеулер жоқ, тек:

- жылжымайтын мүлік операциялары (жеке тұрғын үй құрылысы үшін пәтер/тұрғын үйлер/жер учаскелерін сатып алу, жалға алу (қосалқы жалдау),

- жеңіл автомобильдер сатып алу, жалға алу және лизингке (бір данасы үшін құны он миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобалар мен «жасыл» жобаларды қоспағанда) шектеу бар.