Алматыда « Alma School » кәсіпкерлік білім беру мектебі мемлекеттік қолдауға ие болды

Новости
01.11.2023

«Халықаралық Бизнес Академиясы колледжі» ЖШС 2005 жылы 23 тамызда тіркелген. Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруға, жоғары сапалы оқу үдерісін құруға қабілетті жоғары теориялық білімі мен кәсіби машығы бар мамандар даярлаумен айналысады. Бұл – тұлғаның қалыптасуы мен мамандыққа дайындығының факторы. Білім алушылар жалпы білім беретін пәндермен қатар экономика және басқару бойынша терең білім алады. Бұл Халықаралық Бизнес Академиясы колледжі түлектерінің еңбек нарығында сұраныста болуын қамтамасыз етеді.

«Даму» Қорын мемлекеттік қолдау аясында компания «Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша қолдау алды. Несие қаражаты инвестиция мақсатында мақұлданып, атап айтқанда, колледж ғимаратына оқу корпусын қосу бойынша құрылыс-монтаждау және іске қосу жұмыстары кешеніне жұмсалды.

Республика күні қарсаңында Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Жұмалиев көшесі, 55 мекенжайында орналасқан «Alma School» кәсіпкерлік білім беру мектебінің жаңа ғимаратында көрнекті жазушы Мұхтар Әуезов атындағы кітапханасының, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевқа арналған мәжіліс залы, сондай-ақ Қазақстанның халық әртісі, композитор Ескендір Хасанғалиев атындағы конференц-зал ашылуына орай салтанатты шара өтті.

Алматы қаласы, Жұмалиев көшесі, 55

Сайт: zamdir_ur@alma-school.kz

Инстаграм: @alma-school.kz

+7 (727) 329-64-68