info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Шымкентте «Бизнесмен ана – қызғылт жағалылар» атты конференция өтті

Жаңалықтар
28.06.2017

Шымкентте ОҚО бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры Аймақтық филиалының қолдауымен Оңтүстік аймақтың іс бастаушы және бизнесі бар кәсіпкер әйелдеріне «Бизнесмен ана – қызғылт жағалылар» атты конференция болып өтті.


Конференция шеңберінде қатысушылар кәнігі бизнес-жаттықтырушылар мен табысты кәсіпкерлерден өзекті және өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, пайдалы іскерлік шартқа отыру дағдылары бойынша және жеке бизнестегі тәжірибелері туралы мағлұмат алды.


Бұл - әлеуметтік жоба. Мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мен қолдауға барынша көбірек ықпал ету.


Конференция нәтижесінде, қатысушылар «бизнес-модель» құралы көмегімен өз ісін қалай құру немесе кеңейту, қызметкерлерді қалай таңдау және ынталандыру, шағын бизнесте маркетинг пен сатуды қалай ұйымдастыру және жақсарту, соның ішінде әлеуметтік желілердің көмегімен жылжу керектігін білді.


Сондай-ақ, қатысушыларға «Даму» Қорының қаржылық және қаржылық емес бағдарламалары және «Әйел кәсіпкер» жобасы жөнінде ақпараттар ұсынылды.

Конференция қорытындысы бойынша сыйлықтар табысталды және жүлделі ойындар ойнатылды.